0 дауыс
3.5k көрілді

Әлемді жаулап алмақшы болған адамдар жайлы не білесіз? Тізімін жасап ТОП (немесе пирамида) құрып бере аласыз ба? Ең болмаса жердің көп бөлігіне өз билігін жүргізгісі келген билеушілер болсын.

Мысалы: Гитлер, Александр Македонский, Кир, Дарий, т.с.с.

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ең бастысы ШЫҢҒЫСХАН ғой!

Білемісің, Ұлықбек сені дос санайды!)))
Ааа доспыз ғой!
+1 дауыс

Шыңғыс хан — Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есүхей батырдың отбасында туған.

Шыңғыс ханның  және ұрпақтарының ұлы жорықтары
1207-11 жж. Шыңғыс хан Сібірмен Шығыс Түркістанды (буряттарды, якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды.
1211 ж. Цзинь мемлекетіне жорық жасады. 1215 ж. Бейжінді алды. 1217 ж. Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 ж. Корея патшалығы Шыңғыс хан әскерлерінен тізе бүкті. Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай мен Корея патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды.
Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218-19 жж. Жетісуды, 1219-21 ж. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды.

россияға қарай бармайды дейсин гой!
+2 дауыс

1.Шыңғыс хан Шыңғыс хан-1155,кейбiр деректерде 1162 жылы дүниеге келген.Шын есiмi-Темуджин (Темучин,Темiршi). Ол-Азияда тұңғыш біртұтас империя құрушы, өз заманының аса iрi әскери және мемлекет қайраткерi. Әкесінің аты-Есугей. Бөртеден 4 ұлы- Жошы,Шағатай,Үгедей,Төле туған. Елінің астанасы Қарақорым қаласы болған. 1182-1204 жылдары Тынық мұхитынан Жерорта теңізіне дейінгі алып аймақты басып алған.  Шыңғыс ханның жаулап алған жерлері әлемді бағындырушылар Александр Македонскийдікінен-2есе, Гитлерден-3 есе, Наполеоннан 7есе көп. Шыңғыс хан ақылды,парасатты жан болған. Өзі өлгеннен соң империясы 150 жыл тұрған.  А.Македонскийдің патшалығы көзі тірісінде құлаған. Дәл сол секілді Наполеонның да,Гитлердің де алып империясы бiрден құлаған. Шыңғыс ханның жерленген жерiн ешкiм дөп басып айта алмайды. Шыңғысхан 1227жылы 72жасында дүние салды. 

2.Әмiр Темiр (Ақсақ Темiр ) 1336 жылы Түркістанда туып,1405жылы Отырарда қаза тапқан. Самарқан қаласында жерленген. Барлас тайпасынан шыққан. Әкесінің аты-Тарағай. Әмір Темірдің әулетінен Ұлықбек, Моғол империясын құрушы Бабыр сынды атақты адамдар шыққан.

3.Н.Бонапарт 1760жылы дүниеге келген. 1804 жылы 44жасында үкімет басына келеді. Напалеонның атақ дәрежесі-Франция императоры,Италия каролі,Рейн одағының протекторы, Швейцария медиаторы. Напалеонның империясына Еуропаның біраз бөлігі кірді. 1812 жылы Ресейге соғыс ашады. Осы жорығы Наполеон империясының күйреуіне әкеп соқтырады. Ақыры Наполеон Әулие Елена аралына жер аударылып,1821жылы қайтыс болады.

4.Александр Македонский біздің заманымызға дейінгі 439жылы туып,339 жылы қайтыс болған. Түркі халықтары Ескендір Зұлқарнайын деп атайды. Әкесінің аты-Филипп. Македонияның патшасы болған. А.Македонский Эллада,Вавилон,Египет,Парсы елдерін жаулап алған. 329жылы көшпенді сақ даласына шабуыл жасап, шабуылы сәтсіз аяқталды.

Қызықты дерек: Наполеон-1760,ал Гитлер 1889жылы туған. Екеуінің жас айырмасы 129жыл. Наполеон-1804,Гитлер 1933 жылы мемлекет басына келді, айырмасы-129 жыл. Екеуі де билікке 44жасында келген. Наполеон Ресейге қарсы соғысты-1812 жылы,ал Гитлер 1941жылы ашты,айырмасы-129жыл. Екеуі де Ресейге қарсы шабуыл жасағанда 52 жаста болған екен.

Тағы жоқ па? Ерінбей жауап жазғаныңа рахмет! Осылардан басқа ешкім жер шарын жаулап алуға тырыспады ма?
ТУй тек Шыңғысхан деген едім қасына мәлемет қосуым керек еді!Бірақ мен ғо бірінші!
1.Үздіктерін жазған.
2.Мәліметтерімен.
3.Қызықты деректермен қосыпты.
4.Толық жазылыпты.
Қайғыңа ортықпын, ендігіде жолың болар. Ұлықбек ағам сенен бұл жолы озып кетті.
Хехе Жұбатхан қатырдың!
Қаласаң ЖЖты Қуанышбекке бере бер.
Маған ЖЖ-тың керегі жоқ!
Белгісіз
+1 дауыс

олар  Шыңғысқан,Әмір  Темір,Адольф  Гитлер,

Үтір қойып жалғасы бар дегендей етіпсің. Осылардан басқа ешкім жерді жаулауға тырыспады ма?
...