+2 дауыс
851 көрілді

Төбелесте қай күрестің рөлі мықты? Еркін күрес пе әлде грек рим бе?

7 жауап

+1 дауыс

Дзюдо ғо! Ол күрестің атасы ғо!

0 дауыс

Грек-рим күресі, эллиндер мен латындар (гректер мен латындар) заманында пайда болған күрес түрі. Белдесу қарсыластар түрегеліп төрттағанға түскенде аударылып, домалатып әдістер қолдану арқылы өткізіледі. Мұнда балуандардың бір- бірлерін белден төмен ұстауына, аяғынан шалуына, қағуына рұқсат етілмейді. Грек-рим күресінің мақсаты лақтырған немесе төрттағаннан аударған, домалатқан кезде қарсыласының екі жауырынын бір мезетте немесе бірінен соң бірінің қайтарымынан кілемге тигізу. Мұндай басымдылық таза жеңіс деп есептеледі де белдесу тоқтатылады.

Егер таза жеңіс болмаған жағдайда, жеңіс ең көп ұпай алған балуанға беріледі. Балуанның киімі лыпа, бандаж, арнаулы трико және былғарыдан тігілген жұмсақ аяқкиімнен тұрады. Грек-рим күресінің жарыс ережесі 1896 ж. шығарылып, содан бергі уақытта талай рет жаңартылып келеді. Ол 1986 ж. 1 -ші Олимпиялық ойындардың бағдарламасына еніп, содан бері (1900, 1904 жылдардан басқа) бағдарламадан басқа олимпиядалық жарыстан түспей келеді. Әлем чемпионаты 1897 ж. Еуропа чемпионаты 1898 жылдан бастап өтіп келеді. Күрес әуесқойларының халықаралық бірлестігі (ФИЛА) 1912 ж. құрылды. ҚР- ның Грек-рим күресінің бірлестігі 1993 жылдан ФИЛА-ға мүше.
Еркін күрес диаметрі 9 м арнайы кілемде өтеді. 19 ғасырдың аяғында Англияда пайда болған. 1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өтіп келеді. 1956 ж. өткен КСРО халықтары спартакиадасында Қ.Байдосов, Ж.Ысқақов жүлдеге ие болды. Еркін күрес, кілем үстінде әдіс қолдану еркін жасалынатындықтан осылайша аталған. Бұл дүниежүзі халықтарының күрес турлерінің әдістерін түгел қолдануға байланысты айтылады. Еркін күресте белдескен балуандар ұпай санымен немесе қарсыласының жауырын кілемге тигізіп, таза жеңіске жетеді. Оның тарихы кене замандарға кетеді. Ертедегі Мысырда, Вавилонда, Қытайда және Жапонияда еркін күрес болган. Алғаш рет еркін күрес 1904 ж. Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді. Мұнда кілемге небәрі 38 балуан шығып, жалпыкомандалық 1-орынға АҚШ-тың кұрамасы ие болды. Еркін күрестен Еуропа чемпионаты 1928 ж., ал Әлем чемпионаты 1951 ж. бастап етіп келеді. Еркін күрес салмақ дәрежелері жарыс басталар алдында оған қатынасушыларға жіберілген жарыстың тәртібінде көрсетіледі.
Қазақстандағы еркін күрес республикалық чемпионаты 1951 ж. бастап өткізіліп келеді. Бұдан ең алғаш шыққан СШ-лері Ж.Сқақов, Қ.Байдосов, Қ.Қожанов және т.б. Алғашқы жылдары оның секцияларына барушылар аз болғандықтан грек-рим күресіне қатысушылар да еркін күрестен бақтарын сынап көрді. Кейін Ә.Айханов, А.Гапсатаров, А.Бұғыбаев, М.Қапанов, Ю.Курапаткин, И.Байрамуков сияқты балуандар халықаралық жарыстарда көзге түсті. Республиканың құрама командасы 2003 ж. Алматыда өткен Азия кубогі үшін жарыста жалпыкомандалық 1-ші орынды жеңіп алды.

Грек-рим күресі тек қол мен  бел арқылы күреседі, ал еркін күресте аяқпен, бүкіл тәнмен, белмен  күреседі.  Сондықтан еркін күрес мықты деп ойлаймын.

Ал бірақ жұдырыққа ештеңе жетпейді ғой.

жұбатхан мен сенен күрестің ережесін сұраған жоқпын
Оқығандарға керегі болар дедім. Ал егер сұраққа жауап сұрасаң ең астына жазғанмын, өзің оқымағансың. Жақсы меңгерсең кез келген күрестің түрі мықты.
+2 дауыс
меніңше еркін күрес. Жалпы, өзің шымыр болып, сол күрестің тәсілін тиімді пайдалана бісең қайсысы болмасын мықты төбелес кезінде.
+2 дауыс

Мына күрес мықты деп айтуға болмайды, ол адамның өзіне байланысты (жақсы меңгергеніне, шыдамдылығына т.б.)

–3 дауыс

Бұл төбелес, жай ғана шоу. Шын мәнінде әлгі төбелесіп жатқан адамдар - актерлер.
+1 дауыс

Еркін күрес шығар. Жеңу жеңбеіуің шеберлігіңе байланысты.

+1 дауыс

Грек рим бірақ жақсы меңгеру керек

...