+3 дауыс
1.3k көрілді
Біз алдыңғы қатарлы 50елдің қатарына қосылсақ дейміз, Экспо көрмесін лайықты өткізсек дейміз, жұмыссыздар азайып, халық саны көбейсе дейміз т.б арманымыз көп. Ең бастысы еліміз тыныш, елбасымыз аман болсын! Барлығы орындалар. Маған қызық болып тұрғаны өзге елдердің арманы. Ресей, Ақш, Қытай, Англия, Жапония т.б.Олардың арманы қандай деп ойлайсыз?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазіргі кезеңдегі саясатта әлемнің барлық елдері бәсекелес, яғни бір бірінен асып түскісі келеді. Армандары таусылмайды: жер көлемін үлкейту, көршілес мемлекеттерден бірдеңе алу, қарыздарынан құтылу, саяси аренаға ену, дипломатиялық қарым-қатынастарды нығайту дегендей.

Ресейге келсек ол бүкіл әлем елдеріне ықпалын жүргізуді мақсат тұтады. Қазір әлемнің барлық дерлік елімен байланыста, олардың бәрімен теміржолы, көліктері, шаруашылықтары, саудасымен, өнеркәсібімен, т.с.с. нәрселерді сылтау етіп оларға әсер етуде.

АҚШ мәңгілікке саяси аренада бірінші орында тұрғанды және барлық мемлекеттердің өз пікірімен санасқанын қалайды.

Қытайдың қазіргі президенті Ху Цзиньтао  «тарихи әділеттілікті қайта жаңғырту және Қытайдың маңыздылығын жандандыру» міндетін қойыпты. Сонымен қатар әскери-саяси міндеті – Отан аясына Тайваньды қайтару, Қытайдың Тибет пен Синьцзян (Шығыс Түркестан) тәуелсіздігіне кепілдік беру; ұлттық территория шеңберінен Қытайдың стратегиялық шекарасын көшіру.  Және де Қытай теңізден "жер жаулап алу" арқылы жер көлемін ұлғайтуды көздейді.

Ұлыбританияның жеке мақсаттары әзірге толық белгісіз деп ойлаймын, себебі ол орынсыз жерге килікпейді, үлкен шу,  төңкеріс ашқан емес, тыныш, бейбіт саясат ұстанады. Ұлыбританияның өзге мемлекеттермен қарым-қатынасының өсуі белгілі бір ретте халықаралық байланыстар орнату және осы қызметті атқаратын кәсіби қызметкерлерден тұратын тұрақты аппарат құру қажеттілігі туындады. Бұл аппарат дипломатиялық қызмет немесе шетел қызметі деп аталған. Ұлыбританияның дипломатиялық қызметте өте ауқымды тәжірибесі бар ел.

Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. Атомдық бомбаға, ірі табиғи апаттарға ұшырағанына, жер бедерінің қолайсыздығына қарамастан әлі де өркендеп келеді. Мақсаты жаңа технологияларымен әлем елдеріне ықпал ету шығар. Нанотехнологияның отаны және негізі осы Жапонияда қаланып келеді. Токионы "болашақтың қаласы" деп атайтыны да сондықтан.

Қазақстан енді 30 елге қосылуды "армандайды" дейді. 50 елдің қатарына еніппіз. 

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

Ең ізгі саясат, ең ізгі ұстаным, ең ашық саясат - Қазақстанда деп ойлаймын өз басым. Ядролық қарусыз, соғыссыз, кикілжіңсіз "бейбіт жатқан елміз."

+4 дауыс

Жапонияның арманы әлемде жоқ жаңа техника шығару шығар((( Қытай біреудің жеріне кіріп алсам деп. Енді АҚШ тікін точно білетін сияқтымын Біреудің мұнайын тартып алсам жерін тартып алсам соғыс ашсам біреудің жеріне барып Бобма жарсам деп ойлайтын сияқты))) Точно білмім бірақ саясатқа бас жетпейдіғой 

+3 дауыс
Бул дамыған елдердің арманф баска мемлекеттин саяси және экономикалық билигин озине карату... Және сонгы кездери тиршилиги бар Марсты иемдену
...