0 дауыс
2.5k көрілді

Әлемдегі ең күшті 10 қонақ үйді атап беріңдерші...

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Әлемдегі ең ерекше 10 қонақ үй


Бүгінгі таңда қонақ үйлердің адам өмірінде алатын орны өте ерекше. Алыс-жақын шет елдерге іс-сапармен шыға қалсаңыз немесе шытырман оқиғаларды іздеу мақсатында ел кезетін болсаңыз, қонақ үйдің көмегінсіз тығырықтан шығу мүмкін емес. Әсіресе, қонақ үйлер - туристер қауымының екінші үйіне айналып кетті десек те болады.

Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз ерекше мекендерде орналасқан ең ерекше қонақ үйлерге арналады.


Celica қонақ үйі. Атақты Lonely Planet жолкөрсеткіш кітапшасында Celica қонақ үйін әлемнің ең сәнді қонақ үйі деп көрсеткен. Польша жерінде орын тепкен бұл ғимаратқа қонақ бола қалсаңыз, тұтқындардың өмірін сезініп көруге мүмкіндігіңіз бар. Қалай дейсіз бе? Өйткені қонақ үйдің бөлмелері түрме камерасы секілді (есік-терезелері де түрме торына ұқсас) жасалған.


Gyreum Eco-Lodge қонақ үйі. Сіз өміріңізде пудинг жеп көрдіңіз бе? Тіпті, көзіңізбен көрген де жоқсыз ба?! Олай болса, Ирландияда орналасқан Gyreum Eco-Lodge атты ерекше қонақ үй дәл осы пудинг пішіндес болып келеді. Әдетте мұнда мерекелік іс-шаралар, семинарлар мен конференциялар, үйлену той рәсімдері өткізіледі.


Yunak Evleri қонақ үйі. Бұл - әлемдегі жалғыз «үңгір» қонақ үй. Ол Түркия жеріндегі тас діңгектер аумағында орналасқан. Сондай-ақ, қонақ үйде бес ғасыр бойы қызмет көрсетіп келе жатқан бөлмелердің бар екендігін біле жүріңіз.


Clink қонақ үйі. Clink қонақ үйі Лондонның ескі сот ғимараттарының бірінде орналасқан. Қонақ үйге ат басын тірей қалсаңыз, сот залында отырып тамақтануға мүмкіндігіңіз бар. Қонақ үйге жақын маңда атақты Сент-Панкрас вокзалы мен Британ мұражайы бар.


Kadir's Top Tree қонақ үйі. Түрік сәулетшілерінің тағы да бір тамаша туындысы - Kadir's Top Tree қонақ үйі. Бұл ғимарат қалың өсімдік әлемінің ортасында орналасқан. Табиғат-Ананың сұлулығын тамашалап болған қонақтар ағаш ішіндегі үйде жатып тыныға алады. Және «швед дастарханының» дәмі тіл үйірер тағамдарын армансыз жеуге мүмкіндік бар.


Radeka Downunder қонақ үйі. Radeka Downunder қонақ үйі жер астында орналасқан. Оңтүстік Аустралияның Кубер-Педи қаласының орталығындағы қонақ үйдің бөлмелері түрме камераларын еске салады.


Point Montara қонақ үйі. Калифорния штатындағы шамшырақта орналасқан Point Montara қонақ үйі тіптен ерекше. Тынық мұхитының жағалауындағы ғимарат терезесінен толқындарды, киттердің қоныс аударуын тамашалай аласыз. Ең бастысы, бұл қонақ үй қаланың қарбалас тіршілігі мен у-шуынан демалуға таптырмас мекен.


Railway Square қонақ үйі. Теміржол вагондарынан жасалған Railway Square қонақ үйі Сидней жерінде орын тепкен. Қонақ үй ішінде көптеген мейрамханалар, дүкендер, сауықтыру кешендері жұмыс істейді.


Wei Qun Lou Inn қонақ үйі. Қытайдың Чжанчжоу аумағындағы Wei Qun Lou Inn қонақ үйі осыдан бірнеше ғасыр бұрын тұрғызылған. Ғимарат авторлары – солтүстік Қытайдан қоныс аударған оралмандар болып табылады. Бұл мекен туристер арасында кеңінен танымал. Аумақтың негізгі тұрғындары қарапайым шаруалар екен.


Jumbo Stay қонақ үйі. Швецияның Стокгольм қаласындағы Jumbo Stay қонақ үйі ұшақ бортында орналастырылған. Қонақ үйде 25 бөлме бар және олар жайлы төсектермен, теледидарлармен қамтамасыз етілген. Кез келген бөлмеде еш қиындықсыз ғаламтор желісін пайдалануға болады.

0 дауыс

Бір кезде бір жерден оқығанмын айтеуір Аттика Лаганосси деген қонақ үй болатын бірінші орында бір түнге 50000 (елу мың) доллар  

...