Физика пәні
Жалпы мағынасы бойынша физика — табиғаттың негізгі (іргелі) қарым-қатынастарын, заңдылықтарын зерттейді. Физика ғылымы ең жалпы және негізгі болатын, затты әлемнің күйін, өзгеруін және құрылымын анықтайтын жаратылыстану бөлімі болып келеді.
Кейбір қасиеттер барлық материялдық жүйелер үшін бірдей болады, мысалы, энергияның сақталуы — оларды физикалық заңдылық деп атайды. Кейде физиканы іргелі ғылым деп те атайды, себебі басқа жаратылыстану ғылымдары (биология, геология, химия және т.б.) тек қана заттық жүйелердің, физикалық заңдылықтарға бағынатын, кейбір таптарын ғана сипаттайды. Мысалы, химия молекулалар мен олардан құралған заттегілерді зерттейді. Ал заттегілердің физикалық-химиялық қасиеттері, термодинамика, электромагнетизм және кванттық физика сияқты физика бөлімдері сипаттайтын, атомдар мен молекулалардың физикалық қасиеттерімен анықталады.
Физика математикамен тығыз байланыста — математика физикалық заңдылықтарды дәл өрнектеуге болатын құрал болып табылады. Физикалық теориялар әрқашан дерлік математикалық өрнектермен сипатталады, оның үстіне физика басқа ғылымдарға қарағанда математиканың әлдеқайда күрделі бөлімдерін пайдаланады. Және керісінше, физикалық теория мұқтаждықтары математиканың көп салаларының дамуына әкеп соқты.