Ер балдарға кірпікке тушь жағуға бола ма? Мужская тушь.................
Пайғамбарымыз (с.а.у)-ның кірпігі ұзын болған дейді. Сол кісіге ұқсап кірпігі кішкене ер адамдарға тушь жағуға бола ма ?
Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қатты ұқсағың келіп тұрса, күнә жасама, намаз оқы, ораза ұста, Жаратушының заңымен жүр! Қай хадисін көрдің маған ұқсағыларың келсе кірпіктерің менікіндей болсын деген. Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ұқсағым келеді дегенің дұрыс. Бірақ, Пайғамбарға(с.ғ.с.) бұлай еліктеу дұрыс емес. Сеніңде кірпігің ұзын болса қуан. Ал, қысқа болса оны ұзартып пайғамбарға(с.ғ.с.) ұқсаймын деу артық нәрсе. Нағыз болмаса сақал өсір. Меніңше бұл тушь жаққысы келген адамның сылтауы сияқты. Ал сақал өсіру ол сүннет.
Жігіт жігіт болып қалса екен..жігіттер сәнденіп,боянып,тушь жағып жүрсе нәзіктер кім болады?!Қолына найза алып кезінде батырлар сан ғасырлар бойы арпалысқан жауларымен күресіп еді..Жігіттер солардың ұрпағы болып өсіп келе жатыр..солардың жалғасы бола тұра кірпігін бояп жүрсе ең сорақы қасірет деп айтар едім...
Ерлерге арналған тушь панк және готика стильдерінінің пайда болуына байланысты қайта жаңғырды... Әртістер сынды белгілі адамдар қолданса болады, бірақ қазақтың жігіттеріне бұл керек емес деп ойлаймын.
Жігіттер,басқа басқасы жақсын,бізге не қажеті бар,тушты Сергей Зверевпен дуэт құрғысы келетіндер жақсын,Ақ қол болмайық қазақ жігіттері
"Кірпік бояуға бол ма","қас жұлуға бола ма"-бұл не,жас жеткіншектеріміз не болып бара жатыр,ұят ай,қызға еліктеушілік көбейіп бара жатқан секілді жастарымызда.
Жоқ болмайды. Дүниеге жігіт болып келген соң, жігіт болып кету керек.