0 дауыс
378k көрілді
Қысқаша 16 Желтоқсан - тәуелсіздік күні тақырыбында 2 шумақтан тұратын өлең, тақпақ керек еді?

15 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Тәуелсіздік 
Елім менің қазағым, 
Сыйласқанға құл болып.
Шындасқанға сөз беріп,
Тиянақ елге тұлғасың.

Сағынып келіп бұл күнді,
Егеменді ел болдық.
Тәуелсіз қазақ жерімде,
Тарихқа ізін тастаған.
 

 

Өткеннен сабақ алмаған
Фәниге келген әрбір жан
Шаладай болып қалады
Тұтанып алып жанбаған.

Көгіңді бұлты торлаған
Өтіпті талай зар заман.
Көмусіз қалып мәйіті
Жетім мен жесір зарлаған.

Төзімді неткен қазағым,
аз емес тартқан азабың.
Тізгінді жатқа беріп ап,
Көрдің ау тірлік тозағын.

Қүреңбел - Жетісудың бір пұшпағы,
Арналған талайлардың жыр-дастаны.
Мен-дағы нәубет жайлы кітабымды
Ұсынам оқырманға әр жастағы.

Шындықты жазғаныма кінәлама,
Айтпасаң болған жайдан із қала ма?
Бар ойым өткендерді есіңе сап,
азаттықтың қадірін біл деу ғана.
 

+5 дауыс

Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.

Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.

Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

авторы кім?
Білмедім. Инеттен тауып алдым.
+2 дауыс

Желтоқсан
Желтоқсанның желі, аязы, ызғары 
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.
Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,
Талай қазақ гүлдерін де солдыра,
Ел билеуге алып келді Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.
Егемендік – бұл елімнің елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін, жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.
Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі.

 

Тауелсиздик бизге онай келген жок
Аталарым оны колдан берген жок
Отан ушин курбан болган боздактар
Ел есинде деймиз олар олген жок

Шуак шашкан ашык аспан кунимиз
Татти уйкы,тыныш болсын тунимиз
Кеше гана бодан болсак баска елге
Бугин мине ирилердин биримиз!

Шекарага кадамыз да кагылды
Полигоны Семеймнин жабылды
Бар байлыгы казагымнын жогалган,
Тауелсиздик алганнан сон табылды.

Алауым бар ешким оны сондирмес
Бул галамда Казак елин ким билмес
Конакжайлы,казыналы,аукатты,
Казакстан елине ешким тен келмес!

Елим тыныш,жаксы омир сурейик
Жеримизди аман басып журейик
Бар адамга салем жолдап айтарым:
Бейбитшилик касиетин билейик!

Кутты болсын тауелсиздик мерекемиз!
Мыкты болсын елімиздин керегеси.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Куш-жигери жастардын саркылмаган.
Али де шыгар аланга Отан ушин
Карсы аккан өзеннен отетиндер.
Журекте намыс оты сонбейди
Кезинде ызғарына аяздың төзгендей –ак
Тусинемиз, угамыз
Бул күннин онайлыкпен келмегенін.
елимиз тыныш, халкымыз аман болсын! 

 

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын
Желтоқсанда шықты алаңға жастарын
Әр ұрпақтың құрбандары жетерлік
Дербестікке кім сұрамақ басқа құн?

 

 

Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады 
Ел намысын қорғаған сарбаздарым 
Ерліктерін мәңгілік сақталады.
Зарықтырған тәуелсіздік күні бұл, 
Шаһит болған миллиондардың құнын біл. 
Қорғап, өрен, кірпік қақпау борышың, 
Бұған намыс, жан мен арды бағындыр!

 

Жан – Ордамның ашып тастап түндігін, 
Желпінетін, серпілетін күн бүгін.
Желтоқсаным – жасымаған жігерім,
Желтоқсаным – Шырылдаған шындығым!

Шырылдаған шындық іздеп қызың мен 
Ұлдарыңды өшірмегін тізімнен!
Желтоқсаным – менің Қазақ – төзімім,
Талай ғасыр шыдап келіп ...үзілген!

Елең етпей ет кессе де санымнан, 
Сандалумен соқпағымнан жаңылғам,
Желтоқсаным – менің Қазақ – ашуым,
Жүріп – жүріп, ақыры кеп жарылған!

Ұрандайтын ұлың кетсе ұлтыңнан,
«Ұлы Жолда» ұлтанымыз жыртылған.
Желтоқсаным – менің Қазақ – жүрегім,
Тоқтап барып...сосын қайта бұлқынған!

Тұщы етіме ащы таяқ тигенмен,
Өлуге де, көнуге де үйренгем.
Желтоқсаным – менің Қазақ – аруым,
Бейуақта бұрымынан сүйрелген!

Қара шашы қара қанға малшынған, 
Көз жаздық біз қаншама қыз, қанша ұлдан...
Желтоқсаным – менің Қазақ – қандасым,
Керзі етіктің табанында жаншылған.

Алтын ноқта арманымды басқа ұрған,
«Анаулардың» менмендігі асқынған.
Желтоқсаным – менің Қазақ – жанарым 
Шарасыздан шеңберінде жас тұнған!

Атой салып кеудесінде бүлік ән,
Бүліне алмай дымы сосын құрыған.
Желтоқсаным – менің Бөрі – бауырым 
Айдалада айға қарап ұлыған!

Күнің күлсе арай шашқан асқардан,
Керек емес басқа тірлік, басқа арман.
Желтоқсаным – менің Тәуелсіздігім,
Желтоқсанда желді күні басталған! 

Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.

Авторы кім
+4 дауыс

Біз қазақ деген мал баққан елміз
 Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
 Елімізден құт- береке қашпасын деп,
 Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
 Найзаға үкі таққан елміз.
 Жау аяғына басылмаған елміз.
 Басымыздан намысты асырмаған елміз.
 Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз.
 Еркіндікті ежелден аңсаған елміз.

+2 дауыс

Тәуелсіз Қазақстан!
Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны.

Жарқырашы Қазақстан!

Жайна сен де Астанам

Әрқашан да гүлдене бер

Тәуелсіз ел Қазақстан!

                                                                     Ойдан шығардым

0 дауыс
Оң шумақмақтардан тұратын такпак барма
0 дауыс
Менин жерим кен байтақ. Басқа елге не жетсин, Қазақстан жерим, Қазақстан елим.
Сізге мұнда 2 сөйлем деген ал сіз 2 қатар жазыпсыз
0 дауыс
Тәуелсіздік қарты

 

Зер сал өмір парқына,

Бір кездегі нартұлға

Шөгіп қапты, апыр-ай,

Бөз жейделі қартың да.

 

Заманның жоқ тұрағы,

Жалаң уағда ұраны;

Қарттың еңкіш кеудесі -

Жазмыштың сұрағы.

 

Аштық деген мыстанға,

Ақыреттік қыстарға

Атқылаудан сарбазда

Ақырғы бір тіс қалған.

 

Сөзбен айтса сенгісіз,

Көпке сыры белгісіз

Бұл жампоздың көргені

Кей көсемге бергісіз.

 

Сыншыл зейін бейнесі,

Таңба толы зердесі-

Хатталмаған шындық пен

Жалғандықтың пердесі.

 

Қарайды қарт айнала,

Тағы ұран қайда да;

«Алға» деген бағдарлар

Боп жүрмесін айдала?

 

Даңғаза топ кісілер,

Дақпыртын кім түсінер;

Дана ойлы жауабын -

«Бір алланың» ісі дер.

 

Шапан қылған шинелін,

Шалды оңай демегін -

Талай басқан атамыз

Бодандықтың кемерін.

 

Жеткен рухтың маңызы,

Ақиқаты, аңызы,

Тани білсең сол қартты -

Тәуелсіздік рәмізі.

 

Өзденбаев Жанбай, 2016
0 дауыс
Оте оте керемет ойдан шығарылғандар
0 дауыс
Тәуелсіздік мерекесі келді бүгін,

Жиналатын топпенен құрайтын күн,

Тәуелсіздік мерекесән қар салайық,

Келді бүгін мереке жар салайық.

Ниетулла Ақерке %70ЖББОМ 3б класс оқушысы
0 дауыс

Тәуелсіз Қазақстан!

Ешқашанда артта қалма,

Сен қазақтардың елісің

Қазақтардың жерісің.

Өзім ойдан шығардым. Күшті болса ♥️

0 дауыс
Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің,
Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл.
Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның,
Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл. 

Тәуелсіздік – бабам берген аманат.
Тәуелсіздік келешектің кепілі.
Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,
Тәуелсіздік өткен күннің өтілі. 

Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде.
Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа,
Тәуелсіздік әр сәбидің үнінде.
Тәуелсіздік әр қазақтың жанында!


Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!
Мықты болсын еліміздің керегесі.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаган.
Әлі де шығар аланға Отан үшин
Карсы аккан өзеннен өтетіндер.
Жүректе намыс оты сөнбейді
Кезінде ызғарына аяздың төзгендей–ақ
Түсинеміз, ұғамыз
Бұл күннің онайлықпен келмегенін.
Еліміз тыныш, халкымыз аман болсын!
0 дауыс
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше болып мәңгілік
Ел жадында қалған күн.


♡♡♡♡
0 дауыс
Авторы:Есенғали Әділ Өлең:Тәуелсіздік-тұғырым

Тәуелсіздік-тұғырым,

Мәңгі болсын ғұмырың
Елімді мен жырлайтын
Таусылмайтын жырымын.
Тәуелсіздік бағымсың

Менің мәңгі арымсың,

Саған деген махаббат
Жүрегімнен табылсын.
0 дауыс
Қасиетті   Қазақстан  мекенім,                   Ақиқаттың    алтын  бесігі   екенсің.         Елім,   жерім,     Отаным-бақ-дәулетім,     Болашағым,    өнер-білім,   өркенім.

 Бейбіт   өмір  тілеймін  мен  халқыма       Туған   тілім   шұбарланба   жарқыра        Тарихмызда   таланттылар   көбейсін       Бас  иемін    ата-баба  рухына.
...