+1 дауыс
488k көрілді

Адам қайтыс болғанда айтылатын жұбату сөздер?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Туыстарына көңіл айту керек, яғни сабыр етуін айту керек және жаназаға байланысты қызметтерге жәрдемдесуге асығу керек. Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Мұсылманның мұсылманда бес ақысы бар: Сәлеміне жауап беру, ауырған кезде көңіл сұрап бару, жаназасына бару, қонаққа шақырған кезде бару, түшкіріп “әлхамдулиллаһ” деген кезінде “йәрхамукаллаһ” деу.» (Мүслим)

Қайтыс болған адамдардың туыстарынан үлкен-кіші еркектерді және қарт әйелдерді кездестіргенде көңіл айту, яғни «қайғыңызға ортақпыз» деу, сабыр етуге кеңес беру мүстаһаб болып табылады. Көңіл айту үшін«Азамаллаһу әжрак уә ахсәнә уә ғафәра лимәйитик» делінеді, «Аллаһу та’ала сауабыңды, дәрежеңді арттырсын, жақсылап сабыр етуіңді нәсіп етсін және мәйіттің күнәларын кешірсін» деген мағынаны береді.

Қиыншылықтарға тап болған адамды жұбату керек. Бір хадис шәрифте былай делінген: «Баласы қайтыс болған адамды жұбатқан кісіге жәннат шапаны беріледі. Қиыншылыққа ұшыраған адамды жұбатқан кісі оның сауабындай сауап алады.» (Тирмизи)

Расулуллаһтың көңіл айтуы

Сүйікті пайғамбарымыздың көңіл айту хатында былай жазылған:

«Аллаһу та’ала саған амандық берсін! Оған хамд етемін. Әр адамға келген жақсылық пен жамандық тек Одан келеді. Аллаһу та’ала саған көп сауап берсін. Сабыр етуіңді нәсіп етсін! Оның ниғметтеріне шүкір етуіңді ихсан етсін! Жақсылап біліп алуымыз керек, өз болмысымыз, мал-мүлік, байлық, әйел және бала-шағаларымыз – Аллаһу та’аланың шексіз ниғметтерінен, сүйікті және пайдалы ихсандарынан болып табылады.

Бұл ниғметтерді бізде шексіз қалу үшін емес, аманат ретінде қолдану, кейіннен қайтарып алу үшін берген. Бұларды тек белгілі уақытта ғана пайдаланамыз. Уақыты келген кезде бәрін қайтарып алады.

Аллаһу та’ала ниғметтерін бізге беріп қуантқан кезде шүкір етуімізді, уақыты келіп кері қайтарып алған кезде сабыр етуімізді әмір етті.

Сенің бұл балаң – Аллаһу та’ала берген сүйікті, пайдалы ниғметтерінің бірі еді. Кері қайтарып алу шартымен саған аманат қылып берген еді. Ал қазір кері қайтарып алып жатқанда да саған көп сауап, жақсылық береді, мейірімділік етіп дұрыс, тура жолда ілгерілеуіңді, жоғарылауыңды ихсан етеді.

Бұл ихсанға қауыша алу үшін сабыр ету керек, Оның істегенін жақсы деп санауың керек! Ашуланып, ойбайлайтын болсаң, сауапқа қауыша алмайсың және соңында өкінесің.

Жақсылап біліп ал, жылау, қайғыру пәлекетті кері қайтармайды, қайғыны кетірмейді. Тағдырда жазылған нәрселер басқа келеді. Сабыр ету, болып қойған нәрсеге ашуланбау керек. Аллаһу та’ала бәріңе амандық берсін!»

Сұрақ: Мәйіт жерленгеннен кейін мазардағы адамдардың өлгеннің туыстарына көңіл айтуы бидғат емес пе?

Жауап: Бидғат емес.

Сұрақ: Өлген адамның туыстарына қанша күнге дейін көңіл айту дұрыс болады?

Жауап: Үш күннен кейін көңіл айту мәкрух болып табылады. Бірақ алыстағылар және жақын тұратын болса да кеш хабар алғандар үшін мәкрух болмайды.

Сұрақ: Бір ауылда жаназа шыққан үйге кірген әр адам Фатиха оқиды. Әр адамның Фатиха оқып өлген адамға бағыштауы бидғат па?

Жауап: Әдетке қатысты болғандықтан жаиз болады.

Сұрақ: Өлген адамның үйіндегілері көңіл айтушыларды қабылдау үшін үш күн бойы міндетті түрде үйде болуы керек пе?

Жауап: Үйде болуы жаиз. Бірақ болмағаны жақсырақ. Ибн Абидинде «Үйінде жаназа шыққан адамның көңіл айтушыларды қабылдау үшін үйінде отыруы мәкрух болады, мазардан шығарда көңіл айту мәкрух емес» делінген.

Сұрақ: Көңіл айтып келгендерге дастархан жаю жаиз ба?

Жауап: Үйге келгендерге дастархан жаю әдет болып табылады, сондықтан жаиз.

Сұрақ: Көңіл айту үшін ұзақтан келген қонақтарға ас беру жаиз ба?

Жауап: Иә.

Сұрақ: Өлген адамның үйіне тамақ әкелінеді. Ашып немесе бұзылып кетпеуі үшін көңіл айтып келгендерге беру жаиз ба?

Жауап: Кедейлерге беру сауап болады. Сауабы өлген адамның рухына бағышталады.

Сұрақ: Хат арқылы көңіл айтуға болады ма?

Жауап: Иә, болады.

0 дауыс

ЖҰБАТУ

...Жүрегіңді жылаған жұбата алмай
Жел өтінде жұтаған құба талдай,
Ештеңеге шарасыз тағы отырмын.
Тым болмаса қаліңді сұраса алмай.

Бір басыңа о неге үйір қайғы,
Бақытыңды уақыт жиі ұрлайды.
Сонда да үгілмеші бұ дүниенің,
Бұйырмайын дегені бұйырмайды.

Төзіміңмен болса егер сабыр басым.
Қайыстырмас көңілдің қабырғасын,
Өлең оқы...шылым шек...
тағы не бар?!
...Тек әйтеуір жүрегің ауырмасын...

Бұ жалғанның бүлк етпес беті мүлдем,
Кеудеден қайғы ізін кетіру кем
Енді ештеңе шықпасын түсінем ғой,
Өкінуден немесе өтінуден.

Келу үшін қинайтын шешімге бұл.
Бізге осы бұлдайды несін Өмір?!
...Жұбата алмай өзіңді қысылады,
Жұбату көрмей өскен жетім көңіл..,

+1 дауыс
Тири адам тиршилигин жасайды........
0 дауыс

ЖҰБАТУ 

Өмір деген - өлу ғана, өлу ғана шын күліп,
Өмір деген - өлу ғана, өлу ғана шындығы...
P.S.
Аспан даусын естимін мен көздеріңнің ішінен,
Жаным, жаным жыламашы, түсінгенмін, түсінем.
Қуаныштың ар нұрында мұң бар десем сене ме ел?!
Күрсіністің ар сәтінде шаттық гүлге бөленер.
Діл үйіріп, тіл ұшынан ой желітіп, есіліп,
Саған және өзіме-өзім наз әуенін көшіріп,
Жаратқанға көктемдегі жапырақтай жалынып.
Өн бойымда қан жылайды, өкінішімнен Зар ығып.
О-о-о, түн іші дұға оқысам тағдырыма бұйырған,
Су ыңырсып, түн жөтеліп, жел шыңғырған миымда.
Бей уақытта шын сөйлемей өзін-өзі алдаған,
Менің құсам - Жұлдыз екеш жұлдыз құрлы болмаған.
Өксігіне айналдым да сол құсаны таныдым,
Жыламашы, жыламашы, жыламашы жарығым.
Көзіңдегі қоңыр мұңды тек мен ғана көрейін,
Жыламашы Ар сертімен Өлең жазып берейін.
Үзілгенді үнсіз өзім Жан демімен жалғайын,
Жыламашы, жыламашы ақ сөйлесін маңдайын.
Шын махаббат, шын махаббат Құдай үшін қайдасың?!
Сезім бізді тағы алдасын, ақыл тағы ойлансын.
Шын махаббат, мөлт-мөлт етіп мөлдір жас боп келе ме?!
Кірпігіңде бір періште жылап отыр о неге?! 

Мен жазғанымды көшіріпсін,сайтта көшіруге тыйым салынады!
Кешіріңіз!Сіздің сайтыңыз ашылмай оны аңғармай қалыппын.
0 дауыс

Алла қуат берсін,ақыры қайырлы болсын,алдынан жарылқасын,өткен жан иманды болсын,жаны жаннатта болсын,топырағы торқа,жатқан жері жайлы болсын,қалғандарыңыз аман болыңыздар!

0 дауыс
Мен баламнан айырылып калдым  4  5  кун болды алы озыме келе алмай журмын журегым ауырып киналам мен киналсам   баламда киналама  7  айлык еды   барымша сабыр сактасамда  журегым кан жылайды
...