Гравитацияға байланысты ғарышкердің массасы қандай?

0 дауыс
1.9k қаралым

Тік ұшақ вертикаль жоғары 5 g үдеумен жоғары ұшып барады.Ғарышкердің салмағы 4,8 кг\н болса ғарышкердің массасы қандай? Шығара алсаңдар жазып жіберіндерш керек болып тұр... Алдын ала рахмет.

• Санаты: Физика
Қай жері қызықты бұл есептің ))
Есебің дым қызық емес, примитивный есеп, шығара алмауың топастық.

3 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап

Tura, салмақ пен масса деген екеуі екі түрлі ұғым. Тек тұрмыстық жағдайда ғана бірдей ұғымды береді, физикалық мағнасы басқа. Салмақтың анықтамасына сүенсек, яғни салмақ-массасы М болатын дененің жерге (тіреуге) әсер ету күші.  Ал массаның сақталу заңына сүйенер болсақ, Ньютон механикасында масса тұрақты.

олай болса жалпы формуласын былай деп жаза аламыз P=m(g+a); a=5g >> P=6mg

m=P/(6g)

m=4800/(6*9,81)=81,5кг

Псы: Есептің берілгеніндегі 4,8 кг/н емес 4,8кН болуы керек, және екін түсу үдеуінің мәнін g=10м/с2 деп алсаң космонавт массасы 80кг.

ПСС: Жер бетінің әр жерінде массалары бірдей денелердің салмақтары әр түрлі болады.

+1 дауыс
Гарышкердiн салмагы 4.8 болса массасыда сондай гой. Масса ол халыкаралык атауы,салмак казакша атауы.СУРАК КАТЕ БЕРIЛГЕН.САЛМАК ПЕН МАССА БIР МАГЫНА!
+1 дауыс
Жане удеудiн "g" емес олшем бiрлiгi м/с^2 (метр болнген секунт квадрат). Жане салмактын олшем бiрлiгi кг/м емес кг
Жане удеудiн "g" емес олшем бiрлiгi м/с^2 (метр болнген секунт квадрат).

Бұл жерде өлшем бірлік ретінде емес, 5g деген g-ден бес есе үлкен деген сөз.
Салмақтың өлшем бірлігі "Н" ньютон болады, кг-да емес

Ұқсас сұрақтар

127,761 сұрақ
322,325 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы