0 дауыс
3.0k көрілді

"...- Будьте добры, разрешите пройти;"
"...- Будьте добры, представьтесь пожалуйста."

Осы тіркестердің қазақша баламасы қалай болады? Тікелей аудармадан қашайық. Астарлы мағынасы болса екен.

Қарапайым мысал: мен сәлемдестенде, көп адамға "Сәлеметсіз бе?!" немесе "Ассалау мағалейкум!", содан соң "Қалыңыз жақсы деген ойдамын!" деп басталатын сәлемдесу моделін қолданамын.

Бастапқы тіркес баршаға ортақ, көп кездеседі. Екіншісі, кең таралған "Қалыңыз қалай?" деп айтылатын тіркестің орнына қолданылады. Тұжырымдауымша, бұл тіркес психологиялық тұрғыдан адамға "навязчивый" болып естілетін сияқты. Ал, "Қалыңыз жақсы деген ойдамын!" тіркесінің астында, психологиялық тұрғыдан:
- Сізге жақсылық тілеймін;
- Өзіңіздің қалыңыз үшін өзіңіз жауаптысыз, өз қолыңызда;
- Вербалды емес күйде, субординация сақталып тұр (немесе субординация сақтауға шақыру мәні бар);

Осындай ойдамын.

Сөйлеу мәнері, этика. Соңғы айларда қызықтырып жүрген тақырыптар осы. Әзірге, Канттың Этика туралы жазған еңбектерімен, қарапайым НЛП және бірқатар жалпыға арналған адамдармен араласу туралы психологиялық мақалалармен ғана шектелуде.

Осы тақырыпқа қызығатындарға, пікір бөлісуді ұсынамын.

3 жауап

+3 дауыс

Извините, можно пройти?! Кешіріңіз,өтіп кетуге бола ма?- осылай жақсы сияқты менің ойымша) 

Ал будьте добры бірдеңе өтінгенде қолданыладығой..Мысалы: Маршуртта: Будьте добры,передайте проезд

Ешкіммен реалда Сәлем деп сәлемдесіп көрмееппін..Ол күлкілі нәрсе шығар сіз үшін, бірақ мен тек оны виртуалды әлемде қолданамын..Ал реалда Қалайсың? - деймін..Сәлем сөзінің орнына)

Кейбіреулер "Привет, қалайсың?" деп жатады.
0 дауыс

Өтіп кетсем болама! Өзіңізді таныстырсаңыз, қалай болады.

0 дауыс

"- Сіздің рұқсатңызбен, ..." - осы тіркесті бір кітаптан жолықтырған едім. Енді осы тіркесті қолдану жақсы нәтиже берді, бірнеше рет қолданып көрдім. :)

Елестетіңіз, өзіне сенімді, сөйлеу мәнері таза бір адам осы тіркес арқылы өзінің мақсатын айтып, рұқсат сұрап тұр. (мыжып тұрып алмай, нақты, дәл, сыпайы) Әрине, ол Сіз. :)

...