0 дауыс
2.8k көрілді

Тығыз жабылғын ыдыста m=0,1 кг мұз жүзіп жүр. Мұзда m=5 кг пытыра қатып қалған. Пытыра қатып жатқан мұз суға бата бастауы үшін қанша жылу мөлшері керек? Ыдыстағы судың температурасы 0°С.

Жауабы 18,15*10ның тоғызыншы дәрежесі Дж

 

Температурасы t=0°С болатын массасы  m=100г суы бар ыдысты  бөлмеге кіргізді.t = 15 минуттан кейінсудың температурасы t=2°С-қа дейін көтерілді. Ыдыста осындай температурада m= 100 г мұз болған кезде, ол t=10сағатта ериді. Мұздың меншіктібалқу жылуын анықтаңдар. Судың жылу сыйымдылығы белгілі деп есептеңдер.

Жауабы   3,36*10ның  бесінші дәрежесінде Дж/кг

1 жауап

0 дауыс

Бытыра мен мұздың массасы ауысып кеткен жоқ па? Опшым, оны өзің орына қойып есептеп аласың.

Бытырасы бар мұз суға батуы үшін бырасы бар мұздың орташа тығыздығы судың тығыздығына тең болуы керек. Мұздың белгілі бір бөлігі ерігендегі массасы M1 болса

(M1+m)/V=p

бытырасы бар мұздың көлемі жеке жеке көлемдерінің қосындысы

M1/p1+m/p2  жоғарыдағы теңдеуге қойсақ

M1+m=p(M1/p1+m/p2)

M1=m((p2-p)p1)/(p-p1)p2

Q=L(M-M1)

Q=L(M-m((p2-p)p1)/(p-p1)p2)  Арғы жағын мәндерін қойып есептеп аласың

Мұндағылар: L-мұздың меншікті балқу жылуы (лямбаданың орнына L деп алдым), M- мұздың массасы, m- бытыра массасы, p - судың тығыздығы, p1 - мұздың тығыздығы, p2 - бытыраның тығыздығы.

ПыСы: мүмкін қорғасын бытыра делінген болар есеп мазмұнында

 


 

...