0 дауыс
5.3k көрілді

Ерлік сияқты сын сағатта танылады. Ел бірлігі – ең асыл қасиет. елбасының сөзіне шығарма қажет?

3 жауап

0 дауыс

Қазақстан – ерте  заманнан  басталған  ұзақ  тарихы  бар бай  ел.   Қазақ  халқы  - ер жүрек,  достыққа  адал,    бауырмашыл,  қонақжай.  Қазіргі   таңда  Қазақстан  жерінде  130-дан   астам ұлт  өкілдері  тұрады.  Астана  қаласының   Республика  даңғылында   «Ынтымақ,  бірлік, келісім  -  ең  асыл  бақыт  ел   үшін»   деген  тамаша  жазу  тұр.   Яғни   елімізде  ынтымақтың  арқасында   түрлі  халық  тату  -  тәтті  өмір  сүруде.

      1991  жылы  Қазақстан  халқы  өз  тәуелсіздігін   жариялады.  Бұл – Қазақстанды   «Отаным,  елім,  жұртым»  деп  білетін әрбір   азамат  үшін  үлкен  оқиға,   зор  қуаныш.

0 дауыс

Ел бірлігі – ел теңдігі

«Бірлік қайда болса, ерлік сонда, еркіндік қайда болса, елдік сонда» дегендей, биылғы 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі жылдағыдан өзгеше, мазмұнды һәм берекелі атап өтілді. Қазақстан халқы бұл күні де ынтымағы жарасқан, бірлігі берік ел екенін көрсетті. Еліміздің барлық облысында дерлік мерекелік іс-шара болып өтті. Кейбір облыс орталықтарында этноқалашықтар құрылып, әр ұлт өзінің мәдениетін паш етсе, ал кей жерлерде мамыр мерекесі таң әлетімен еркін сап түзеген шерумен басталды. Күні кеше ғана еліміз Елбасы сөзінің үдесінен шығып, Халықтар бірлігінің мерекесін ерекше жағдайда өткізді. Еліміздің барлық өңірлерінде жалпыхалықтық шерулер жүріп, 1 мамыр мейрамы мерекелік бағ­дар­ламалармен өрнектелді. Бұл күні Астанадағы «Қазақ елі» монументінің алдына жүз мыңға тарта ел жиналды. Олар тәуелсіздігіміздің айбынды ескерткіші саналатын «Қазақ елінің» алдындағы салтанатты шерудің куәгерлері болды. Дәл осы жерде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша халықты Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады: «Биыл біз бұл мерекені ерекше мағынада өткізіп отырмыз. Себебі биыл – еліміздің Тәуелсіздігінің жиырма жылдығы. Жиырма жылдықтың мерекесін бірлікпенен бастап отырмыз. Бірлік деген сөз біздің ата-бабамыздан қалған өте ұлық, жоғары мағыналы мәнге толы. Біз де, міне, Тәуелсіздіктің жиырма жылының ішінде бірліктің арқасында іргелі ел болдық» деді. Ұлт Көшбасшысы еліміздің барлық өңірлерінде 1 мамыр мерекесі ауқымды түрде өткізіліп жатқанын тілге тиек етіп, сол халықтардың бәріне өзінің ізгі тілегін жолдады. «Біздің алдымызда әлі жасайтын жұмыстар көп. Асатын асулар өте көп. Мына шыр айналған дүние неше түрлі қиыншылықтарды басынан өткізіп жатқан кезде біздің елімізде бірлік, біздің елімізде бағдарлама, біздің елімізде өндіріс – барлығы болып жатыр. Осының барлығы ненің арқасы?! Бірліктің арқасы» деді ол.

Осылайша алаңға жиналған қауым шеру сапынан мемлекетімізді мекен ететін түрлі ұлттар мен ұлыстардың өзара татулығы мен бірлігінің жемісі мен жекелеген мамандар­дың кәсібін бейнелейтін шеруді, соңынан астаналықтар мен елорда меймандары шы­ғармашылық ұжымдар мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының мерекелік бағдар­ламасын тамашалады.

Сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігі күні еліміздің барлық облыстарында кеңінен тойланды. Мәселен, Ұлтаралық және дінаралық татулықты ұстын еткен 1 мамыр мерекесін Алматы қаласы тұрғындары ықыласты ниетпен қарсы алды. «Мақсат бірлігі – рух бірлігі» ұранымен еліміздің Тәуел­сіздігінің 20 жылдығына және Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шеруді қаланың негізгі ор­талықтарының бірі – Астана алаңында жиыл­ған қалың ел еркін рухта жүріп өтті. Шеру этномәдени орталықтардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтетін концертке ұласты. Бұдан бөлек, Қазақстан халқының фестивалі өтті. Оған этномәдени орталықтардың өкілдері, шығармашылық ұйымдар қатысты. Мерекені тамашалауға келген жұрт Ұлттық асхана фестивалінен дәм татып, қолданбалы өнердің көрмесін тамашалады. Салтанатты жиынға қала әкімі Ахметжан Есімов, мәслихат депутаттары, қаланың құрметті тұрғындары, байкерлер мен велобайкерлер, спорт майталмандары қатысты.

0 дауыс

Ел бірлігі - ең асыл қасиет

«Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз» Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Ата-бабамыз ғасырлар бойы тәуелсіздікті, азаттықты, бақытты ел болуды аңсады. Жаугершілік заманды басынан өткізіп, бейбітшілік заманды аңсап, бейбіт өмірді қалаған халық екенін көрсетіп, бауырына өзге ұлттың баласын салып, бір үзім нанын бөліп беріп, дастарханын жайған қазақ қашанда қайырымдылық пен қамқорлықтан қашқан емес.

«Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол  – бірлік» демекші, ел басына күн туған замандарда халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі десек, артық айтпағанымыз болар. Достық пен ынтымақ бар жерде, береке мен ырыс болары айдан анық. Еліміздің 21 жыл ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, биіктерден көрінуі, Орта Азия мемлекеттерінің ішіндегі өзіндік орны бар мемлекетке айналғанымыздың өзі неге тұрады? Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің өзі, ел бірлігінің, халық ынтымағының арқасында осындай биіктерге жетіп отыр деп ойлаймын. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" дегенде, ата-бабамыз ынтымақ керектігін айтқан болар деп ойлаймын. Ұлт пен ұлыстың татулығы арқасында, бүгінде, мемлекетіміз өркендеп, ігері дамып келе жатыр. Бір шаңырақ астында ұлттың ұйытқысына себеп болып отырған, саясатымыз бен ата заңымыздың арқасында атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі екендігі белгілі. Біздің елімізде әрбір ұлтқа деген қамқорлық шексіз. 18-ге толған азаматтар – тегіне, нәсіліне, ұлтына, тіліне қарамай сайлауға қатыса алады. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей кез келген ұлт өкілінің құқықтары тең. Ата Заңымыздың бірінші бабының өзінде басты құндылық ретінде адам, оның өмірі мен еркіндігі атап көрсетілді. Адамды басты орынға қойған мемлекетімізде адамға қамқорлық жасауда игілікті шаралардың жүзеге асырылып жатқанына куә болып жүрміз.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында бүгінгі күннің ең басты мәселесі ел бірлігіне баса назар аударды. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады». Бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктері мен алған шыңдары бірліктің арқасы. Сондықтан қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі – ең асыл қасиет», – деген Елбасы тұжырымы Отанын сүйген әр азаматтың жүрегінен орын тебуі керек.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттінің мәліметіне қарасақ, бүгінде республика халқының саны – 16909776 адам, сондай-ақ, елімізде 140 түрлі ұлт бар. Қазақстан халқының ішінде қазақ ұлтының үлесi 63,6 пайызды, орыстар – 23,3, өзбектер – 2,9, украиндер – 2, ұйғырлар – 1,4, татарлар – 1,2, немiстер – 1,1, басқа ұлыстар 4,5 пайызды құрады. Сондай-ақ Қазақстанда кейбір ұлттардың аз ғана өкілі өмір сүріп жатыр. Мәселен, олардың қатарына саха, мордва, болгар, ғағауыз сынды ұлттарды жатқызуға болады. Міне, осыншама ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тату- тәтті өмір сүріп келеді. Статистика деректері бойынша, 46 діни қауымдастық бар екендігі белгілі. Осылардың арасында ешқандай да келіспеушілік, алауыздық жоқ. Олар Қазақстанды өздерінің Отаны санайды. Елімізде он бір тілде газет-журнал жарық көріп отыр. Олар ағылшын, неміс, әзірбайжан, корей, ұйғыр, өзбек, татар және басқа да тілдерде. Театрларымыз алты тілде өнер көрсетіп жүр. Олардың барлығын мемлекет өзі қаржыландыруда. Осындай өнегелі істі әлемдегі өзге мемлекеттерден кездестіру қиын. Осының өзі арамыздағы өзге ұлт өкілдерінің тілі мен дініне, мәдениеті мен өнеріне деген қамқорлық нышаны. Бүгінгі көп этносты Қазақстандағы татулық пен келі­сімнің болуы да, ең алдымен, қазақтың ұлылығын танытса керек.

Жетекші сарапшылардың пікі­ріне сүйенсек, қазақстандық қо­ғамдағы қалыптасқан толерант­ты­лықтың негізінде бірнеше фактор жатыр. Соның бір факторы – қазақтың ұрпағын кек сақтай алмайтын етіп тәрбиелей алу қасиеті. Еліміз басынан қиын-қыстау заман кешіп, қуғын-сүргінге ұшырап, тағдырдың қатал сынынан өтті. Беріден қайырғанның өзінде, ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар­дағы Жоңғар шапқыншылығы, Ресей империясының езгісі мен кешегі Кеңес өкіметі заманындағы зобалаң аштықты басынан кешіріп, Сталин зобалаңына ұшырап, саяси қуғын-сүргіннің де құрбаны болған халық. Алайда, қаншама таңдары қиындықпен атса да, жаны қиналса да, басқадан кек алу мақсатында қылышын қайрамаған, тағдырдың ауыртпалығына қайсар­лық танытқан халық. Өткенге бой ұсынбай, келешекті аңсап ел бірлігі мен молшылығын бата тілегіне қосып ұрпағына аманат ретінде қалдырып отырған халық.

Осыдан 18 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясын құру туралы жарлық шығарған болатын. Ол 800-ден астам этномәдени бірлестіктердің басын біріктірді. 1995 жыл­дың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық тату­лық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ас­самблеясы, бүгінде қоғамдағы келісім мен ынтымақтастықтың басты тетігі болып отыр. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблеяның 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлт­тық-мәдени бірлестігі бар.

Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаң­ғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қам­қорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғам­дағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қаты­настарды реттеудің тиімді тетік­терін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылымы ая­сын­да біз саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтай алдық. Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңестің төрағасы, Бақытжан Әбдірайым ағамыздың айтуынша, бүгінде елімізде 195 этноағарту кешені мен лингвистикалық мектеп қызмет көрсетеді екен. Ассамблеяның белгілі азматы Видади Салаховтың пікіріне тоқтала кетсек: «Біздің салт-дәстүрімізді, тілімізді, тарихымызды, әдебиетімізді сақтауға себін тигізетін мектеп, театр, газет, теле- радиобағдарламалар бар. Мұның барлығы – этникалық топтардың мәдениетін біріктірген саясат». Ассамблеяның басты мақсаты – саяси жағдайларға болжам жасай отыра, қоғамды алауыздықтан сақтау. Яғни, азаматтарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеп, ұлтаралық қатынасты нығайту. Себебі, алпауыт елдердің өзі абдырап отырған тұста, Қазақстан халқы ассамблеясы татулыққа ұйытқы бола білді.

Иә, шынында да, бүгінгі таңда Қазақстан халық­тарының Ассамблеясы – ұйымдық құрылым ғана емес, ол біздің өмі­ріміздің ажырамас бөлігі, біздің тыныштығымыз бен бірлігіміздің белгісі болып отыр.

Қорыта келгенде, бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Тәуелсіздік тұғырын әрқашан биік ұстайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз одан әрі жарассын! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі – біздің еліміздің ең басты байлығы. Бірлігімізді ардақтай білейік!!!

...