ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ
• Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі.
• Өзіне-өзі сын көзімен қарамайтын халық – болашағына көп үміт арта алмайды.
• Жаңа Астананың қаласы да, адамдарының санасы да жаңа бол¬сын.
• Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.
• Қазақ тілі мемлекеті¬міз¬дің бар¬лық азаматтарын біріктіруге қуатты.
• Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.
• Арпалыспен келмесе, шынайы азаттық бола ма? Оңайлықпен келсе, оның қадірі бола ма? Қадірі жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма?
• Өсер елдің баласы арманшыл болса, өшер елдің баласы жанжалшыл болады.
• Талант жаратқанның сыйы ғана емес, сонымен бірге, өзіңнің алдыңдағы, қоғам мен Отан алдындағы жоғары жауапкершілікте.
• Астана – Отанымыздың жүрегі.
• Кез келген ел өз келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады.
• Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін.
• Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны бөлек.
• Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы, бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар!
• Мемлекеттік тіл енді ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс.
• Енді біздің ел атқа қонады: дүйім дүниенің қандай дүбірлі додасына да тайсалмай түсіп, кім-кіммен де жалтақсыз жарысатын болады.
• Ту, Әнұран және Елтаңба сияқты, мемлекеттік тіл де біздің символымыз, осындай символдардан Отан басталады!
• Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымызды өзімізге бұйыратын еттік. Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік. Қысқасы, егемен ел болудың ең ауыр белесінен өттік.
• Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс.
• Қолымыздан қайрат, санамыздан ақыл кетпесе, жақсылыққа жетеріміз хақ.
• Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ-даңқы да, мерейтойы да кейінге үлгі. Ал үлгіге қарап, ұрпақ өседі.
• Біз бойымыздағы озығымыздан үйреніп, тозығымыздан жирене білсек қана өркениетті мемлекет, еңселі ел боламыз.
• Қазақтардың ұлттық статусы, ұлттық бағасы бүгінде нағыз мемлекет қалыптастырушы ұлт статусына лайық.
• Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз.
• Он бес жылда аюға да тіл үйретуге болады.
• Астана келбеті – ұлт келбеті.
• Біз басқа ел болдық, жаңа жұрт болдық! Бұрынғы заман жоқ! Сана жаңаратын уақыт баяғыда туды!