Тек қазақ халқына тән қандай қызық нәрселерді білесіздер? Мысалға:
Тек қазақтар ғана "қайда барасың?" деген сұраққа "қазір келемін" деп жауап береді.))
Тек қазақтар ғана қонақтар кетісімен "ал енді өзіміз отырып нормально шай ішейік" дейді.
Қазақтар ғана үйде ешкім болмаса сигнализация қосудыі орнына корридордың немесе залдың светін жағып кетеді.
Жалқаулықты білем
Шақырған жерге кешігу!Үйде кім бар дегенде,ешкім жоқ өзіміз ғо!
тек қана қазақтың кәрі кісілері микрафон алдында 2 сағат сөйлейді
ТЕк Қазақтар ғана 7 атаға дейін қыз алыспаған. Сондықтан қазақтар Әлемдегі ең танымал генафондардың бірі.
Етті жақсы көретін қазақтардай ел жоқ шығар..Қандай би болса да,қазақтың Қара Жорғасына жетпейді..Дөрекіліктің де біразы қазақта..
Қайталанбас Абайы бар,шуақты күн нұрына малынған жері бар Қазақ болып туылғаным Мақтанышым..
Қазақтар тойға 2-3 сағат кешігіп келеді. Қазақтар тойда сөз бергенде 1 сағат мыжыыыыыыыыыып тұрады. Қазақтар ғана бір жейдені немесе бұлды тойдан-тойға апара алады. Тек қана қазақ жігіттері досының бір қыз туралы айтып жатқанында тоқтатып " подругасы бар ма? "деп сұрайды.
Қазақтар екiге бөлiнедi: қазақша бiлетiн қазақ (таза қазақ) және қазақша бiлмейтiн қазақ (шала қазақ) болып. Басқа ұлттар бөлiнбейдi.
Тек Қазақтар ғана өз тілі бола тұрып, өзге тілде сөйлейді. оған жай ғана мысал мына сендердің салған суреттерің. кілең орысша. Орыстар бізді мазақ етіп жазған екен деп қаласың мыналарды қарап. сөйтсееем, өзімнің қазағым жазада екен ғой. Бұл суреттердің әлеуметтік желілерде мың данасы тұрған шығар.