0 дауыс
33.3k көрілді

Адам неге тершең болады?Менің бір жарым жастағы сіңлім өте тершең неліктен?Терлей береді!Біреу айтат ол әлсіздіктің белгісі деп сол дұрыспа?

2 жауап

+1 дауыс

Әлсіздіктің белгісі дегені рас. Мен де тершең болғанмын, кейінірек кетіп қалды. Витамин, дәрумендер қабылдаса тершеңдігі басылады. 

Тершеңдік адамның жүйке қызметіне тәуелді. Денсаулығы дұрыс жұмыс істейтін адамнан бір тәулік ішінде шамамен бір литр сұйықтық бөлінеді. Терлеудің пайдасы, онымен бірге зат алмасудын зиянды қалдықтары ағзадан шығып кетеді. Терлей беру белгілі бір аурудың себебінен де болуы мүмкін, мысалы, туберкулез не жүйке аурулары. Дені сау адам, көбінесе, ауыр жұмыс істегенде немесе температура жоғарылағанда терлейді. Көп терлейтін адамдар жиі жуынып тұруы кере, олай болмаса, денеде алуан түрлі микробтар дамып кетеді. Ал ыстық тамақ пен шай бәрін де терлетеді, бұл қалыпты жағдай. Жиі терлесе, жиі суға түсіріп көріңіз. Мүмкін басылар.

Тер адамдардың жүйкесіне байланысты біреулерге көп, енді біреулерге аз бөлінеді.Тердің көп бөлінгенінен қауіптенудің қажеті жоқ.Онымен бірге денедегі зат алмасудан қалған керексіз заттар шығады.Негізі денсаулығы жақсы адамдардың денесінен тәулігіне бір литр тер бөлінуі керек.
Сау адамдар ыстық жерде жұмыс істегенде терлесе, туберкулезбен және жүйкесі ауыратындар терлегіш болып келеді.Терде зиянды микробтар кездеседі, олардың аз, не көп болуы тазалық сақтағанға байланысты.Көп терлейтіндер тазалықты сақтамаса,әр түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін.Сол себепті терлегіш адамдар жиі жуынуы керек.Тердің иісінен құтыламын деп тер сіңген киімге немесе денеге дезодарант,әтір себуден аулақ бол.Сондай-ақ, жиі терлейтіндер синтетикалық киім кимеуге тырысу керек.

Сондай-ақ қобылжыған кезде терлеп кететін болса мында кіріп кеңес оқыңыз. Яғни қобалжыған кездегі тер бір бөлек, ыстықтан шығатын тер бір бөлек.  Мына жерде емделу жолдары бар екен. 

Тағы айтарым интернеттен көріп алғаныңызды қолдана бермеңіз, жас мөлшеріне, т.с.с. себептерге байланысты кез келген ем әртүрлі адамға әртүрлі әсер етуі мүмкін. Біреулердің денсаулығын жақсартқан ем тағы біреулерге зиян келтіруі мүмкін.

0 дауыс

Ол организмдегі зат алмасуының, әсіресе минералдық заттардың алмасу процесстерінің бұзылуынан болады. Сіңліңе "Пиковит" сияқты витаминдері мен минералдары бар препараттар жегізу керек.

Ұқсас сұрақтар

...