Жұбатхан бауырым былай ғой: Жалпы апайлардың айтқаны теледидардан естiгенiң газеттен оқығаның әр-түрлi кеңестердiң зияны болмаса пайдасы жоқ! Шоколод жесең миың толысады екен деген т.б бәрi болмайтын нәрсе! Оданда ата-анаңның дайындап берген тамағын ризшылығыңмен ниеттенiп iшсең сол пайдалы! Сосын айтарым көбiне бiтiрушi түлектердiң бiрден-бiр қателiгi ол тек тестпен дайындалып А,В,С,Д,Е деген дайын нұсқаны жаттап алу! Сондықтан тек тестпен дайындалсаң ол сұрақтағы жайт туралы бiлмесең онда қиындау болады. Себебi көбiнесе жаттайтынымыз "ТАРИХ" ал тарих бiр-бiрiмен жалғасып кете бередi! Бірақ тек қана кiтаппен оқып шектелмеу керек себебi оны тауысып бiтiру мүмкiн емес. Cондықтан мақызды келедi-ау деген сұрақтарды жаттап жүрсең артық етпейдi. Көп сөйлеп кеттi ау деймiн жарайды айтарым осы.:D Ал жаңағыдай шоколод т.б дегендер пайда бермейдi,тек сабаққа дайындалған дұрыс деп ойлаймын.