Австралоидтық нәсіл - ол негро-австралоидтық н/е экваторлық нәсілдің бөлігі. Бұл нәсіл Оңтүстік Азияда, Австралияда және Океанияда таралған. Кейбір антропологтар бұл нәсілді бөлек, жеке нәсіл деп есептейді.
19 ғасырдың аяғында зерттеуші Thomas Huxley өзінің "On Geographical Distribution Chief Modifications Mankind"(1870) деген очеркінде адамзатты негізгі 4 топқа бөлген (Xanthochroic, Mongoloid, Negroid, және Australioid).
Ғалымдар австралоидтардың арғы аталары шамамен 60 000 жыл бұрын Африкадан қоныс аударған деп санайды. . Солтүстік жағалаудың құрғақ бөлігін жағалай өтіп Австралияға жеткен.