0 дауыс
36.0k көрілді

Мұқағали Мақатаев пай пай өмір деген өлеңі керек?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап


Пай, пай, Өмір!
Өтесің-ау бір күні.
Тыясың-ау қуанышты, күлкіні.
Өмір деген - бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген - көк аспанның күркірі.
Пай, пай, Өмір,
Өтесің-ау бір күні!
Болмағандай, жүрмегендей сенде біз,
Кетеміз-ау, әй, кетеміз,.. пендеміз.
Ұрпақтарға береміз де кезекті,
Біз кетеміз.
Кету үшін келгеміз.
Өмір деген - бұйым емес қолдағы,
Өмір дейтін - ұлы бекет жолдағы.
Қаның кеуіп қаталаған кезіңде
Сусыныңды қандырсаң бір болғаны.
Мына күн де, мына аспан да, дала анау,
Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!
Өмір дейтін - тағатсыз бір қозғалыс,
Өмір дейтін - өлемін деп қарамау.

 

Қап тауып қойып едім
Үлгермей қалдыңба?
0 дауыс
Өтесің-ау бір күні. Тыясың-ау қуанышты, күлкіні. Өмір деген - бір жарқ еткен найзағай, Өмір деген - көк аспанның күркірі. Пай, пай, Өмір, Өтесің-ау бір күні! Болмағандай, жүрмегендей сенде біз, Кетеміз-ау, әй, кетеміз,.. пендеміз. Ұрпақтарға береміз де кезекті, Біз кетеміз. Кету үшін келгеміз. Өмір деген - бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін - ұлы бекет жолдағы. Қаның кеуіп қаталаған кезіңде Сусыныңды қандырсаң бір болғаны. Мына күн де, мына аспан да, дала анау, Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау! Өмір дейтін - тағатсыз бір қозғалыс, Өмір дейтін - өлемін деп қарамау.
...