Бұл тек пікір алмасу үшін. Тек қана өздеріңіздің күнделікті істейтін қалыпты орындалатын жұмыстарыңыз туралы ғана жауап беру үшін. Пікір алмасайық.
Мысалы өзім:
1. таңғы ас ішемін
2.Сабаққа барамын
3.Сабақтан келіп түскі ас ішемін
4.Дайындық курсына, консультацияларға барамын
5. Одан келіп сабақ оқимын
6.Кешкі ас ішемін
7.Сабақтарымды қайталаймын
8.Түнгі ұйқыға кетемін
Ал, сіздердің күн тіртіптеріңіз қандай?
Азанда тұрам беті қолды жуам, айнаға қарайм шашымды тарайм, мектепке барам, мектептен үйге келем, сосын көшеге болмаса үйде комп шұқылайм.
1 азанда турам 2жуынам шайнам 3 киинем 4мектепке шыгам 5одан келип ухтап алам 6сабагмды карайм 7 консултация болса барам 8кешке компта отырам 9уйде жумыс истейм 10 тангы туски кешки тамакты бир ишем сосн уйкыга кетем
Таңда ерте тұрамын,шуақты таңда оян алғаныма Аллаға шүкіршілік етемін.Тест қайталаймын,кейін таңғы асымды ішіп,сабаққа барамын.Кешке үйге келемін.Кешкі асымды ішіп,үй шаруаларымен айналысып,сабаққа дайындаламын.Одан кейін тағы да қосымша пәндер оқимын.Өлең жазып,сурет саламын.Сағат 2:00 таяған уақытта тәтті ұйқыға енемін.Нақты уақыттар көрсеткенім жоқ..кейде өзгерістер еніп тұрады.Демалыс күндері тәттілер,тағамдар дайындаумен айналысамын,СЖ-ға біршама уақыт бөлемін..Ал қалған алты күнім осы ізбен өтеді..
Қаңтар айына дейінгі........Таңертең тұрамын... Жиналып сабаққа кетемін. Сабақтан келгесін түскі асымды ішіп, ыдыс жуамын. Сосын интернетке , СЖ-ға кіремін. Сосын сабақ қараймын... Біткен соң телевизорды қосып қоямын да баланы ойнатып отырамын (бұл кезд еагентім үнемі қосулы тұрады, бірақ мүлдем жауап бермеймін ). Одан кейін қыдырып қайтамын немесе баламен шығып серуендеймін. Келе сала тамақ ішемін де сабаққа отырамын. Сосын тағы СЖ... Ұйықтаймын. Қосымша сабақтар бар күні (сәрсенбі, бейсенбі) және жексенбі күндері бұл күн тартәбімен жүрмеймін! Болды)