Адамның басында 10 мыңнан 35 мыңға дейін шаш болады. Күніне солардың 100-ден 200-ге дейіні түбінен босап түсіп, орнына жаңадан шаш шығады. Егер шаш ұзын болса, түскен шаш басқа шаштардың арасында тұрып қалып, басты жуған кезде барлығы бірден түседі. Сондықтан, шаштың түсуі табиғи құбылыс. Ал шаштың түбін нығайту үшін шашты айранмен жуған өте пайдалы. Адам басында күніне 100 шашқа дейiн түсіп, оның орнына 100 шаш өседі. Бастапқы шаш 2 жылда, кірпік 4-5 айда ауысып отырады.Денi сау адамның шашы орта шамамен айына 1см өседі.
Тұқым қуалайтын ауру болмаса, онда шашыңды тарта бергеннен болуы мүмкін, яғни шаштың түбінің босап қалуы. Тағы да мүмкін болу себептері: қандағы вирустан, стресстен, қан аздығынан, әлсіздіктен, т.с.с.
Шаштың түсу себептері өте көп. Ол, ең алдымен, денсаулыққа байланысты болса, кей жағдайларда шаштың сиреуіне мінездің шапшаңдығы да себепкер болуы әбден мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, ағзада С дәруменінің мөлшерден тыс көбейіп кетуі де шаштың түсуіне ықпал етеді. Егер шашыңыз маңдай тұстан бастап түссе, тәттіні, түрлі шырындарды, сүт пен спиртті ішімдіктерді ішуді азайтқаныңыз абзал. Ал төбе шашы сирей бастаған адамдардың малдан алынатын азық-түлік өнімдерін тұтынуды азайтқаны дұрыс. Дегенмен шашы сиреп, түсе бастаған адамдардың өздігінен қандай да бір шара қолданбай тұрып, дәрігерге қаралғаны жөн.
Шаштың түсуін тоқтату үшін косметиканы қолданбастан бұрын массаж жасау керек. Шашқа массаж. Ең бірінші массажды салоннан алған дұрыс. Үйреніп алған соң өзіңізге жасай беруге болады.
Осы мақсатқа арналып жасалған витаминдер ішкен дұрыс. Сосын косметиканы қолдан жасау керек депті.
"Қолдан жасалған " косметикалар:
Крапивалық лосьон. Құрғақ, жаңа крапива жапырақтарын ас қасығымен қайнап тұрған стакандағы суға салады. Бір сағат тұруы керек. Сосын шашты жуып болған соң сол жасалған нәрсені шашқа жағады. Бір-үш айдың ішінде аптасына бір рет жасау қажет.
Уксус лосьоны. 100 г ұсақтап туралған жаңа крапива жапырақтарын 30 минут ішінде 6-9% уксус қосылған (2-3 ас қасық) қайнату керек. Ұйықтар алдында осыны шашқа жағу керек. Аптасына 1-2 рет.
Қажетті сілтемелер: шашты жуудың зияндығы, шаш күтімі, шаш жайлы мәлімет, шаш түсуінің алдын алу (орысша), шашты емдеу орталығы.
Шаштың негiзгi құрамы судан тұратындықтан күнделiктi қабылдайтын суыңыздың мөлшерiне мән беруiңiз керек. Көп қабылданған су шаштың түбiн қатайтып, берiк етедi. Шаштың, түсуiнiң алдын алу үшiн тамақтану ритмiнде ақуыздар мол болуы керек.
Nature’s Secrets фирмасының косметикаларые қолдайтын адамдар бар екен. Шаштың өсуіне және түспеуіне көмектесетін шампуньдары және шашқа арналған майлары бар.
Шаштың түсуіне қарсы сарымсақты ("чеснок") майдалап турап, айранға қосып, басыңызға жақсаңыз шаштың түспеуіне пайдасы бар.