ми ашытуго, кирме ол сетевойга , ол харам, оған дәлел міне карап өтерсің
http://www.azan.kz/faq/show/id/1485.html
http://www.minaret.kz/phpBB3/viewtopic.php?f=30&t=188
мынау сол компания жөнінде шыққан мақала , мынау сайты сондағы адамдардын комментін де оқыңыз , соңғы шешім өзіңіздеhttp://dinislam.kz/publ/38-1-0-319
«QuestNet» ЖЕЛІЛІК МАРКЕТИНГІ – ХАРАМ БИЗНЕС
Жалпы, желілік (сетевой) маркетингтің үкімі қандай? Әсіресе, солардың ішіндегі «QuestNet» желілік маркетингінде жұмыс істеуге бола ма? Дастан, Алматы қаласы.
Әлемде желілік маркетингтің алуан түрі кездеседі. Олардың әрқайсысының өзінше жұмыс істеу жобасы мен шарттары бар. Сондықтан, олардың барлығына жалпылай үкім беру, әрине, қиын. Ал Қазақстанда соңғы жылда кеңінен өріс алған «QuestNet» желілік маркетингіне келер болсақ, оның жұмыс істеу жобасы мынандай:
Кімде кім осы жұмысқа кіргісі келсе, әуелі аталмыш компания-ның шектеулі санмен ғана шығатын коллекциялық бір затын (ең арзаны 670 $) алуы шарт. Сосын өзінің оң жағына бір адамды, сол жағына бір адамды компания өнімін алғызу арқылы тіркейді. Ол екі адам да екі, екі адамнан тіркеткізеді. Осылайша тізбектеле отырып, классикалық пирамида кестесі бойынша төмен қарай өсе береді. Компания түскен ақшаның белгілі бір мөлшерін пирамидадағы адамдарға беріп отырады. Егер осы желілік биз-неске кірген адам соңынан алты адам тіркеткен жағдайда, онда оған компания 250 доллар береді. [null]
Көптеген ислам ғұламалары «QuestNet» желілік маркетингінің жұмыс істеу кестесі мен жобасын сараптай келе оған «харам» деп пәтуа шығарған. Мысалы, Мы-сырдағы әл-Азһар университетінің Ислам экономикасы бойынша профессоры, ғалым Хусайн Шаххата, Катар мемлекеті уни-верситетінің Ислам шариғаты факультетінің профессоры Әли Мұхиддин сынды көптеген ислам ғұламалары мен Сауд Арабиясы-ның Пәтуа комитеті желілік марке-тингтің жұмыс жасау жобасына «харам» деп пәтуа шығарған. Біз де аталмыш пәтуаларды ескере отырып, Қазақ-стандағы «QuestNet» желілік мар-кетингінің жұмыс істеу жобасын сараптай келе оған «харам» деген үкім шы-ғарып отырмыз. Оған дәлеліміз:
Біріншіден, «QuestNet» компа-ниясының саудаға ұсынған өнім-дерінің барлығы толықтай халал емес. Онда христиан поптарының суреттері салынған алтын бұйым-дар және ислами емес түрлі діни рәміздер мен ер кісілерге арналған алтын қол сағаттар да бар. Ал ол бұйымдарды өзің алмағаныңмен сенен кейін тіркелетін жүздеген, тіпті мыңдаған адамдардың біреуі алған жағдайда, одан түсетін пайданың бір мөлшерін компания сенің кірісіңе кіргізеді. Ал исламда табысыңа харам араластыру да – харам.
Екіншіден, «QuestNet» компа-ниясының саудаға ұсынған өнім-дері санаулы ғана санмен ар-найы шығарылатын коллекциялық бұйымдар. Ал ондай өнімдердің ешқашан шынайы бағасын анық-тау мүмкін емес. Көп жағдайда коллекциялық бұйымдардың зат-тық құны емес, онда бейнеленген мәшһүр адамдардың, тарихтағы белгілі оқиғалардың, киелі жер-лердің беделі сатылады (Мы-салы, Рим папасының бейнесі, 2008 жылғы олимпиада белгісі, т.б.). Қысқасы, компания коллекциялық заттарға ойларына келген бағасын қоя алады. Ал Ислам дінінде бұйымды өзінің нарықтағы шы-найы бағасынан аса қымбатқа сату – харам. Шариғат терминінде нарықтағы шынайы бағасынан аса қымбатқа сату «Әл-ғабнул-фахиш» (әл-Ғабнул-фахиш – Заттың на-рықтағы негізгі құнынан аса қымбат бағаға сатылуы. Сағди Әбу Жәйб, Әл-Қамусул-фиқһи луғатан уа фиқһан, Сирия, «Дарул-фикh» баспасы, 1998ж.),– делінеді.
Үшіншіден, сауда-саттықта негізгі мақсат – төленген ақшадан белігілі бір заттың қарымын қайтару. Саудада тауар негізгі мақсат болмаған жағдайда, Ислам бойынша ондай сауда анық харамға жатады. Ал бұл жүйеде негізгі мақсат тауар емес, желіге өзіңнен кейін тіркелетін адамдардың төлейтін ақшасынан түсетін белгілі мөлшердегі пайданы көздеу. Яғни, бір затты алған кезде сол зат үшін емес, компанияға тіркелу үшін ақша төлейсің. Компанияға тіркелер кезде негізгі мақсат – тауар емес, бизнес деп түсіндіріледі. Тіпті, заттар кешіккен жағдайда: «Затым қайда?» деп сұраған адамдарға шақырушы адам тарапынан: «Зат үшін жүрсің бе? Затты емес, бизнесті ойлау керек!»– деген уәж айтылады. Сөзіміз дәлелді болу үшін айта кетейік, бізден осы істің харам-халалдығын сұрап келген «QuestNet» желілік маркетингінде қызмет істейтін адамдардың кейбіреуі әлі күнге дейін өздері ақшасын төлеп, тапсырыс берген заттарын неше ай өтсе де ала алмаған. Және оны уайымдап жүрген олар жоқ. Себебі, мақсат – тауар емес, басқа тіркелген адамдардың есебінен түсетін пайда!
Ал енді алған нәрсең мақсат болмаса, ақша не үшін төленеді? Сенен кейін тіркелетін мыңдаған адамдар да не үшін төлемек?! Сондай-ақ, егер бұл сауда-саттықта тауар негізгі мақсат болмаса, онда ертең сенен кейін жүздеген, тіпті мыңдаған адам тіркелген жағ-дайда, сенің есебіңе келіп түсетін ақшаны нендей ісіңмен, қандай еңбегіңмен таптым демексің? Адамдарға бірінші кезекте қажет емес, тіпті өмір сүру деңгейлеріне сай емес әртүрлі коллекциялық қымбат тауарларды түрлі жол-дармен қызықтырып сату арқылы ел экономикасына қандай үлес қосасың? (пайдасын былай қой-ғанда, тигізетін залалына тө-меніректе арнайы тоқталамыз).
Осы жерде, «тіркелген адам төлеген ақшасының қарымында қандай да бір тауар, алтыннан жасалған бұйым алады ғой» деген қарсы уәж айтылуы мүмкін. Ал оларға берер жауабымыз: «Егер бұл компанияға тіркеліп, ары қарай жұмыс жасау үшін компанияның қандай да бір өнімін сатып алу шарты болмағанда, сізге бірінші кезекте қажет емес, нарықта шынайы құны белгісіз және жеткізіп бергені үшін 60 доллар қосымша ақша төленетін осындай удай қымбат коллекциялық тауарды сатып алар ма едіңіз?» Бұған, әрине, «Жоқ» деп жауап бересіз. Ендеше, тауар – мақсат емес. Бізге келіп осы істің харам-халалдығын білгісі келген кейбір студенттер берген ақшаларының қарымы ретінде «жеңілдіктері бар саяхат карточкаларын» алғандықтарын, ал ондай карточкалардың өте пайдалы екенін алға тартты.
Оларға: «Сол «саяхат карточ-каларын» алар кезде ұшаққа мініп саяхат жасауға жағдайың бар ма еді?»– деген сауал қойылды.
Олар: «Әрине, жоқ. Бірақ, болашақта байып жатсақ, қыды-рамыз да»,– деген жауап қайырды.
Демек, тауарды сатып алған сәтте сенің ондай карточкаға қажеттілігіңнің болмағаны ғой. Ендеше, «QuestNet» желілік мар-кетингінде тауар мақсат емес.
Төртіншіден, «QuestNet» желі-лік маркетингінде – алдау, арбау, адам санасына түрлі жолдармен әсер ету бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
من غشنا فليس منا
«Кімде-кім бізді алдаса, ол адам – бізден емес»,– деп саудада алдауды қатал ескертіп, мұсыл-манға жат әрекет екенін түсіндір-ген. Бұл желілік маркетингіне тіркелу үшін кем дегенде 670 долларға компанияның қандай да бір бұйымын алу шарт. Ал енді осы өзіңе бірінші кезекте керек емес қымбат бұйымға төлеген ақшаңды қайтаруың үшін өзіңнен кейін кем дегенде 18 адамның әрқайсысына компанияның 670 долларлық бір затын алдыртуыңа тура келеді. Олай болмаса, ақшаң құрдымға кетті деген сөз. Ал енді күнделікті өмірде өте қажет емес, аса қымбат коллекциялық тауарды бір адамға алдыру үшін шамадан тыс жарнама, сантүрлі айла-тәсіл қолдануыңа тура келеді. Олай болмағанда, бір адамның өзіне керекті емес қымбат тауарды сатып алуы да мүмкін емес. Компания адамдарды тіркелуге қалай көндіру керектігін үйрететін «11 баспалдақ» деп аталатын арнайы кітап және түрлі дискілерді дайындатқызған. Адам психологиясын жақсы меңгерген мамандар жазған бұл кітапты оқып алған адам алдындағы адамды оп- оңай өз дегеніне көндіріп, компания өнімін алуына ықпал етеді. Ақшасы жоқ болса, несие алуына немесе заттарын сатуына, яки, таныстарынан қарыз алуға ұсыныс жасайды. «11 баспалдақ» деп ата-латын кітапта осының бәрі бүге-шүгесіне дейін анық жазылған. Адам психологиясына әсер ететін әртүрлі сөздер мен біреудің жеткен жетістіктерін көрсету арқылы кез келген адамды қымбат тауарды сатып алуға және компанияға тіркеуге еріксіз көндіреді.
Адам бұл желілік маркетингіне көбіне таныстарын шақырады. Таныс адамды шақырғаннан кейін презинтатор бұл маркетингті жалпылай түсіндіреді де шығып кетеді. Одан кейін орнына басқа кісі келіп жоспар сызып, толығырақ түсіндіреді. Түсіндіретін адамға "follower" делінеді («Follow» – арты-нан қалмай қадағалау деген мағы-наны білдіреді). Кісіні тіркелуге көндіруде «Фоллоу» негізгі қызмет атқарады. Ертесіне кешегі адамды тағы шақырады (“Кел, шай ішейік, бір әңгіме бар еді” немесе “Интер-неттен заттарды көрсетемін” деген сылтаулармен). Танысы шақырып отырған соң әлгі адам айтылған жерге қызығушылықпен келе қалады. Осы кезде шақырып отырған кісі өзінен жоғары тұрған лидерлердің біреуіне осындай уақытта, осындай жерге келе қал, екеуміз кездейсоқ кездескен болып шақырған жаңа адамыма жұмысты тағы да түсіндіріп бер (фоллоу (follow) қойып бер) деп ескертеді. Екеуі кездесіп, әңгімелесіп отырған кезде, алдын ала ескертілген әлгі лидер кездейсоқ келе қалады. Сөйтіп лидер екеуі кездейсоқ кездескен болады да, шақырылған адамға: «Айтпақшы, мына кісі де осы компанияда жұ-мыс істейді. Көптеген жетістіктер-ге жеткен» деп әңгіменің бағытын осы маркетингке бұрады. Сол кезде әлгі лидер шақырылған адамға тағы да фоллоу (follow) қойып, жұмысқа қызықтырады. Өзінің кезінде ақшасыз жүргендігін, осы жұмысты тапқаннан кейін автокөлік алғандыған т.б. материалдық тұрғыдан қол жеткізген жетістіктерін майын тамызып баяндап береді. Фоллоу (follow) бір адамға жоқ дегенде 4 рет әртүрлі лидерлермен өтірік кездейсоқ кездестіру арқылы қойылады. Осы фоллоулардың (follow) арқасында «жоқ» деп отырған адам өзіне керексіз қымбат затқа қалай тапсырыс беріп, компанияға қалай тіркеліп кетке-нін білмей қалады.
Кімнен қарыз аламын деген адамға былай дейді: «Сенің мысалы, ақшаң болса, қай туыс яки таныстарыңа көмектесер едің, солардың тізімін жаз (100 кісіден кем болмауы керек)». Әлгі кісі байыған жағдайда өзінің көмектескісі келген кісілерінің аттарын тізіп отырып жазып береді. Мұны күтіп тұрған әлгі адам енді оған былай дейді: «Ал енді сен қиын жағдайға тап болсаң, осы кісілер саған қанша теңге көмектесе алады, соны жаз»,– дейді. Жазып болғаннан кейін: «Енді, сен қазір осы кісілерден барып қарыз ал. Себебі, сен қазір қиын жағдайда тұрсың. Тағдырыңды шешетін бизнеске кіре алмай қиналып тұрсың»,– деп қарыз алудың жолын көрсетіп береді.
«11 баспалдақ» атты кітаптың 21-бетінде былай делінеді: «Кісі ақша тапқан жағдайда, басқа жаққа жұмсап тастамауы үшін сен оны одан дереу алып ал». Бұл – сөз кісіні белгілі бір іске мәжбүрлеу деген сөз. Исламда мұндай сауда жоқ. Кісі толық өз еркімен шешуге тиіс. Аталмыш кітаптың 20-шы бетінде: «Алдыңдағы адамның «жоқ» деген жауабын есту – жұмысымыздың бір бөлшегі. Біз бұл жұмысқа көптеген адамның «жоқ, қажет емес» деген жауа-бын есту үшін келдік. Бірақ, біздің жұмысымыз адамдардың «жоқ, қажет емес» деген жауабын «иә, маған қажет» деген жауапқа өзгертуде»,– делінген. Яғни, кісі-нің «қажет емес» деген сөзіне қарамастан, әртүрлі жолдармен өзіне бірінші кезекте керек емес, қымбат тауарды алуына ықпал ету деген сөз. Бұл исламда – харам. Шариғатта адамға мұнша әсер етіп, бір нәрсені сатуға тыйым салынады.
Адам психологиясына ықпалы бар осындай түрлі тәсілдер мен айлалардың әсерінен үйлеріндегі жалғыз сиырын сатып жібергендер де, несие алып қарызға батқандар да жетерлік. Сөзіміз дәлелді болу үшін екі студенттің осы жұмысқа кірген кездегі бастарынан өткен оқиғаларын өзгертусіз толық күйінде беріп отырмыз.
*
«Менің есімім – Эльвира. Мен Қазақ ұлттық университетінің ІІ курсында оқимын. Менің “Quest International” компаниясында жұ-мыс істеп жүргеніме көп бола қойған жоқ. Мені онда ең жақын досым шақырған. Мен осы жұмыс жайында естіген кезде жұмысқа тұрмасам бір жетістікке жете алмайтындай сезіндім. Сосын ақшаны іздеуге кірістім. Көп жерден ақша сұрастырдым. 80 000 теңгені еш жерден таба алмадым. Ендігі үмітім ауылдағы ата-анам болды. Мен ауылға барып солардың күн көрісіне жарап отырған жалғыз сиырын сатуға мәжбүрледім. Ата-анам менен несін аясын, күнделікті сүтін сауып отырған сиырын базарға апарып сатып жіберді. Қазір ол кісілер сүтсіз қара шай ішіп отыр. Мен ойлағанмын жұмысқа тұрған соң өзімнің үлкен командамды жинап, осы сиырдың орнын қайтарып, көптеген армандарым-ды орындаймын деп. Бірақ, бұл жұмыс мен ойлағандай болмай шықты. Мұнда әр адам өзінің ең жақын досына сеніп кіреді және арманыңды орындаймын деп жүріп бәрін де ұмытасың. Ал бұл жұмысты тоқтатамын деген кезде арманыңды тастап кете алмайсың. Сол себептен осында шыға алмай жұмыс істеп жүре бересің.
Менің студенттерге және бұл компания туралы білмейтін азаматтарға айтарым: Бұл жұмыс-қа тіркелмеңіздер, мен жасаған қателікті сіздер қайталамаңыздар. Себебі, әр адам өз арманын орын-дауына болады. Өз орнымен, таза жолмен, өз еңбегімен ғана.»
*
«Менің есімім – Данияр. Абы-лайхан атындағы шет тілдері және халықаралық қатынастар университетінің ІІІ курс студенті болғанмын. 2008 жылы шілде айында QI компаниясына тіркел-дім. Шақырушы адамның қы-зықтыруымен. Тіркелу себебім – өмірімді жақсы жаққа өзгерту еді. Бірақ, мен қандай жетістіктерге жеттім? Бірінші жетістігім 7 айда алғашқы 250$ ақшамды алдым (80000 сала отырып). Екінші “жетістігім” – бүкіл уақытымды, күшімді осы жұмысқа арнадым. Үшіншісі, туысқандарым, доста-рымнан айрылдым. Төртінші “жетістігім” – оқудан шығып қалдым.
Жастардың осы жұмысқа тір-келмеулерін сұраймын. Себебі, тіркелген көптеген адамдар зардап шегіп жатыр. Мен және менің командам зардап шеккендіктен, осы жұмысты толығымен тоқтаттым.»
*
Бесіншіден, маркетингтің бұл түрінде басындағы адамдар пайда тауып, төмендегілер ұтылады. Ал төмендегі адамдарды ақшасынан қағып пайда табу исламда – харам. Толығырақ түсіндірер болсақ, бір-біріне тізбектеле отырып тіркелген бұл желілік маркетингі бір жерде міндетті түрде тоқтайды. Себебі, Аллаһтан басқа ешбір нәрсе мәңгілік емес. Оның тоқтауына көптеген себептер бар. Компания басындағы адамдар сотты болып, яки басқа бизнестерінде сәтсіз болып қа-рызға батқан жағдайда немесе мемлекет сауданың бұл түрінің ел экономикасына зияндығын байқап тыйған жағдайда, соғыс бола қалған жағдайда т.б себептермен тізбектелген бұл желілік мар-кетинг бір жерде тоқтайтыны анық. Ал енді тоқтаған жағдайда пирамида жолымен қаланған бұл маркетингтің басындағы адамдар ғана салған өз ақшаларын шығарып, пайдаға кенеледі де, төмендегі көптеген адамдар қалтасынан қағылады. Математикалық нақты есепке жүгінер болсақ, мысалы, бұл маркетингке 2047 адам тіркелді делік. Сосын бұл жұмыс әлде бір себептермен тоқтады дейік. Бұл жағдайда 2047 адамнан 127 адам ғана салған өз ақшаларын шығарып, пайдаға кенеледі екен де, 128 адам салған ақшаларының 500 долларын, 256 адам 250 долларын ғана қайта алады екен. Ал қалған 1526 адам салған ақшаларының бір тиынын да шығара алмайды. Жалпы алғанда 127 адам ғана пайда тауып, 1920 адам ұтылады. Ал 2047 адамның салған ақшасының 1 371 490 доллары шет ел асып, осы жүйені құрған алаяқтардың қалтасына түседі екен. Ал, енді 1920 адамды ақшасынан, уақытынан, қуатынан, болашағынан қағып, 127 адамды ғана ақшаға кенелткен сауданың бұл түрі исламды былай қойғанда, адамгершілік тұрғысынан да дұрыс емес. Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Бір біріңнің мал-мүліктеріңді арам жолмен жемеңдер!» («Ниса» сүресі, 29-аят) делінген. Жоғарыдағы келтірген есепте 1 концессиямен (бір кон-цессия – 670 доллар) кіріп, оң жақ және сол жағы төмен қарай тең жүрген 2047 адам ғана есептелді. (Ескерту: Бұл көрсеткіш осы маркетингте көптен жұмыс істеп жүрген кейбір адамдар тарапынан есептелді). Ал Қазақстанда қазір QI компаниясына 6 мыңға жуық адам тіркелген. 4 миллион АҚШ долларына жуық ақшаның шетел асқандығына байланысты ақпарат бар.
Белгілі бір адамдарды ұтқызып, енді бір адамдарды ұтылдыратын және адамдарды құлшылық пен өмірдегі негізгі істеріне салғырт қарата бастайтын жүйе – Ислам бойынша құмарлыққа жатады. Ал оның харам екені даусыз.
Алтыншыдан, ол ел экономи-касына да аса зиянды. Нарықтағы шынайы бағасы белгісіз, көбіне сатып алған адамдарға бірінші кезекте қажет емес, тіпті, олардың өмір сүру деңгейлеріне сай емес удай қымбат коллекциялық тауарлардың қарымында ел ақша-сын сан түрлі айламен жиып, шетел асырып жіберудің қаншалықты зиянды екені айтпаса да түсінікті. Бұл компанияға тіркелген адам-дардың саны 5-6 миллионға жет-кен кезде ұтылатын адамдар мен шетелге шығарылған ақшаның мөлшері қандай екенін есептеу, әрине, қиын емес. Әсіресе, қазіргі әлемдік дағдарыс кезінде желілік маркетингтің ел экономикасына өте зиянды екенін түсінуіміз қажет. Миллиондаған ақшаның шетелдер асқанын байқаған Шри-Ланка секілді кейбір мемлекеттерде қума сауданың бұл түріне ресми түрде тыйым салынған.
Жетіншіден, бұл маркетингтегі адамдардың саны көбейген сайын қажетті түрлі мамандықтар тапшы бола бастайды да, бара-бара тепе-теңдік жоғалып, еңбек күші қисынсыз пайдаланылғандықтан, қоғамда әлсіреу және кері кету көрініс табады. Себебі, адамзатқа бірінші кезекте керек емес, коллекциялық қымбат заттарды сатумен айналысқан мыңдаған адамның қуаты мен білімін, уақы-тын ел экономикасын көтере-тін өндіріске, басқа да пайдалы салаға жұмылдыруға болатын еді. Бұған қоса адамдарға бұл жұмыс түсіндірілген уақытта: «Сен, мұғалімсің, яки инженерсің, табысың өте төмен, бұл жұмыс-қа кірсең, арманыңды жүзеге асырып, байлықтың астында қаласың» деп кісіні өзі сүйген мамандығынан, қызметінен, оқуы-нан суытып, теріс пікір қалып-тастырады. «11 баспалдақ» делінген кітаптың 20-шы бетінде, «Кісіні осы жұмысқа тартқан кезде, оған бұл жұмыс пен өзі істеп жүрген жұмысын яки басқа жұмыстарды салыстыр» делінген. Яғни, бұл жұмыстың көп пайда әкелетіндігін, ал басқа жұмыстардың түкке тұрмайтындығын насихаттайды. Көптеген студенттердің осы компанияға тіркелгеннен кейін оқуына бұрынғыдай көңіл аудара алмағандығы, ұйқысының бұзыл-ғандығы, тіпті кейбіреулері оқу-ларының қажетсіз екенін ойлап, біржолата тастап кетпек болғаны мәлім болды. Ал енді, елдің бәрі осы маркетингті қуалап кетсе, халыққа қажетті түрлі мамандықтарды, елдің дамуына үлес қосатын қызметтерді кім атқарады?
*
Осы жұмысқа байланысты қосымша сұрақ:
«QuestNet» желілік маркетинг-інде жұмыс істеп жүрген бірқатар студенттер осы жұмыс арқылы ақша тауып, туысқандарына, тіпті араларында жетім-жесірлерге кө-мектесетіндердің де бар екенін айтып, жұмыстың бұл түрінің адал екендігін алға тартты.
Олардың бұл уәждеріне берер жауабымыз:
Исламда мақсат қандай асыл болса, оған апаратын жолдар да сондай таза, пәк болуға тиіс. Мыңдаған адамдарды ақшаларынан қағып, бірнеше адамға жақсылық жасау – исламда жоқ. Бұл жайлы хадисте: «Аллаһ – пәк, көркем. Тек пәк істерді ғана қабыл алады»,– делінген.
ҚОРЫТЫНДЫ:
«QuestNet» желілік марке-тингінің жұмыс жобасындағы жоғарыда атап көрсетілген шариғатқа, адамгершілік нор-маларына қайшы тұстарын ескере келе, аталмыш желілік маркетингтің харам екені анықталды.
Ескерту: «QuestNet» желі-лік маркетингінің жұмысының харамдығына байланысты кел-тірілген жоғарыдағы себептер басқа да желілік маркетинг-терде немесе сауда түрлерінде табылып жатса, оның да харам екені сөзсіз.
Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ, дінтанушы.