0 дауыс
2.2k көрілді
СЖ сайтында қызғаныш туралы сұрақтар мен жауаптар көп екен.... Көпшілігінде "қызғаныш- махаббаттың белгісі" деп жазылған... Жалпы "қызғаныш- махаббаттың белгісі" дегенге келісесіз бе?
Келіспеймін... Адамдар айта береді ғой.

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Білгенімнің қаншалықты мұрсат бергеніне орайластырып, пікір білдірейін.

Қызғаншақтық, әрине кеудесінде жүрегі бар жаратылысқа тән қасиет шығар. Бірақ, бұл бауыр етінен жаралған баласы, өте жақынын қорғау, демеу мақсатындағы жақсылыққа бағытталған сезім болса керек.

Бұны өзінің эгоизмі, сана деңгейінің төмендігі сияқты т.б. салдарынан, қызғаныш сезімін асқындырып, адамдарға физикалық, психологиялық кері әсер етіп жататыны бар.

Бұл жерде қызғаныш қасиетін дұрыс пайдалана алмаған адамды кінәлау да артық дер едім. Әрине, егер ол адам білмей жасаса. Адам табиғи түрде кішкентайынан жетілгенге дейін, жақындарының махаббаты мен назарын бойына сіңіріп өседі. Сол кезеңде бұл қасиетке қанағаттанбаған болса, ол өскенде жақындарынан (ата-ана, бала-шаға, достары мен жақындары) көп талап етіп соңында өкініп қалып жатады.

Яғни, "дурные мысли, дурные поступки". XD

+1 дауыс

Толыктай келісемін, бірак кызганыш оз орнымен, жек коріп кететіндей дарежеге жеткізбеу керек

0 дауыс

Толықтай келісемін

0 дауыс
Мен келісемін жақсы көрген адамыңды (сүйген адамыңды) басқа біреумен жүргенін көрсен қалайша қызбанбайсың.. Сол себепті де қызғаныш МАХАББАТтың белгісі.
0 дауыс
Кызганыш болу керек Мен оз басым катты кызганшакпын
0 дауыс
Шектен шықпай, жөнімен қызғану махаббаттың белгісі болар. Ал сүйгенін жіпсіз байлап, еркіндік бермей қою ең алдымен сүйген адамына сенбеу, екіншіден өзін басқалардан кем санаудан келіп шығатын комплекстің түрі сияқты. Махаббат - уыстағы құм секілді, қатты қыссаң саусақтың арасынан сусып төгіліп жоқ болады...
0 дауыс
Әйелді қызғанатын адамдар бар, олар өз әйеліне сенбейтін қызғаншақтар, сол қызғаныштан өз-өзін жеп өліп кетеді бостан-босқа. Мен келіспеймін. Кейбір ақымақтар жүр нағыз адал әйелін кім көрінгеннен қызғанып, ұрып соғып, ажырасып балаларын қаңғытып жібереді да, өзін адал періште көрсеткілері келеді.
0 дауыс
Жок онын неси жаксы
...