0 дауыс
1.0k көрілді

Мал сойған кезде бір қателік кетсе жеуге жарамай қалады ма?Қалай үйренуге болады мас союды?

Мысалға кейде дұрыс соймай жатылады сол кезде жеуге келмей қалады ма?

Қалай үйренуге болады сойып!

5 қой әкеліп қойып тәжірибе жасасам ба обал болама деп тұрғаным!

4 жауап

+1 дауыс

Мал сойған қателік берсең жеуге жарамайды

Мысалға қандай қателік кетуі мүмкін 1-2 еуін айтып жибершы!
+1 дауыс
Қателік кетсе толығымен жарамай қалады деуге болмайды. Терісін тесіп жіберсең, тері алатындар алмай қояды. :))
0 дауыс
Мал сойған кезде қателiк кеткен кезде, ештеңе етпейдi. Бастысы малдың жарамсыз бездерiн кесiп, алып тастау. Сосын сойып жатқан кезде зәрiн шашыратып немесе төгiп алмау. Әуелi кiшкене жер қазасың да сосын малды аяқтарын байлап, жайлап тамағын орып жiбересiң. Сосын шамалы қан ағызасың. Сосын терiсiн сыпырып, аяқ жағынан бастап бастайсың. Ендi бәрiн сөзбен түсiндiрiп отыру қиын әрине. Тәжiрибе жүзiнде де көру керек. Сосын пышақты малдың көзiнше, қайрамау керек. Алдын-ала қайрап, қинамай пiссiмiлләңдi айтып, сенде жазық жоқ, менде азық жоқ деп соя бересiң. Бес қойды сойып ол жарамай қалса ысырап әрине. Ал шынымен үйренгiң келсе қойларыңды әкелiп, сосын мал сою бiлетiн, қасапшымен бiрге сойып үйрену керек. Бiрақ еттерiн ысырап қылмай көршiлерге, кедей-кепшiктерге таратқан дұрыс.
0 дауыс
Көбісі өтін жарып алудан қорқады. Мүмкін, жеуге жарайтын шығар, бірақ етін жеген кезде түрің біртүрлі болып тұруы мүмкін. Сосын сойып отырып қолыңды кесіп алсаң, әрі қарай соймағаның дұрыс. Қаның араласып кетсе жеген адамдардың іштері өтуі мүмкін.
...