Мал сойған кезде қателiк кеткен кезде, ештеңе етпейдi. Бастысы малдың жарамсыз бездерiн кесiп, алып тастау. Сосын сойып жатқан кезде зәрiн шашыратып немесе төгiп алмау. Әуелi кiшкене жер қазасың да сосын малды аяқтарын байлап, жайлап тамағын орып жiбересiң. Сосын шамалы қан ағызасың. Сосын терiсiн сыпырып, аяқ жағынан бастап бастайсың. Ендi бәрiн сөзбен түсiндiрiп отыру қиын әрине. Тәжiрибе жүзiнде де көру керек. Сосын пышақты малдың көзiнше, қайрамау керек. Алдын-ала қайрап, қинамай пiссiмiлләңдi айтып, сенде жазық жоқ, менде азық жоқ деп соя бересiң. Бес қойды сойып ол жарамай қалса ысырап әрине. Ал шынымен үйренгiң келсе қойларыңды әкелiп, сосын мал сою бiлетiн, қасапшымен бiрге сойып үйрену керек. Бiрақ еттерiн ысырап қылмай көршiлерге, кедей-кепшiктерге таратқан дұрыс.