0 дауыс
21.7k көрілді

''Қызым саған айтам,келінім сен тыңда'' дегенді қалай түсінуге болады?

Қандай мағынада айтылып тұр?

Негізі былай емес па?

Келінім саған айтам,қызым сен тында емес па? Себебі ертен келіне айтқан нәрсесі қызына сабақ болады емес пе?Ол да ертен келін атанады,яғни қызы!

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Келін деген біреудің аялап өсірген қыздары...Жат жерге келген қызға қатты айтуға  енелері батпайды деп ойлаймын. Сондықтан келініне айтқысы келген нәрсені өтірік  қызына айтады. 

"Қызым, саған айтам,
Келінім, сен тыңда. "деген содан шыққан ғой! (Өзімнің ойым)


Қыздар!
1) Егер сүйген жігітіңе сүйікті жар боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
2) Егер ата-енеге қымбатты келін боламын жесеңдер, еңбекшіл болыңдар!
3) Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
4) Өздеріңді алақанға салы әлпештеп отырған осынау коммунистік қоғамымызға адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
5)Егер ертең, егде тартқанда, келісті ана, кемеңгер әже боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге Ақылды болыңдар!
Ең алдымен еңбекшіл болыңдар! Еңбекшіл адам - ең ардақты адам. Дүниедегі ең сұлу әйел - еңбекшіл әйел.
Еңбекшіл әйел - ерге сүйікті, елге сүйкімді, жанұясына сыйлы.
Ал қазіргі ең қымбатты қыз - еңбекшіл қыз!
Өңді қыз өтімді болғанымен, түптің-түбінде есті, еңбекшіл қыз ғана жақсы жігітке өкіндірмейтін ең асыл жар, жан серік дос бола алады.
(1992ж. Әзілхан Нұршайықов «автопортрет» кітабынан)

0 дауыс

Бұл өте орнымен айтылған сөз.Қазақ қашанда сөзді астарлап жеткізіп отырған..Келін түскен кезде оған түсіндіру үшін,кейбір қате әрекеттерін түзету үшін қызға ақыл айтады..сонда келін оны түсініп,астарлап айтылған сөздің мағынасын ұғыну керек...ол тек қыз бен келінге ғана емес,көп жерлерге қатысты..яғни,баламалап жеткізу..жаңа түскен келінге дөп басып айта бермей,астарлап жеткізіп отырса,ол сол жерге тез үйренеді...

+1 дауыс

Орнымен айтылған ұлағатты сөз

0 дауыс

Шынымен орны керісінше болу керек сияқты )

0 дауыс
Менің туған қайнапайым болды, мен ол кезде жаңа түскен келін болатынмын. Сонда енем маған айталмаған нәрсесин немесе мен білместікпен бір нәрсе жасап койғанымда енем ұрсалмағанда қызына урсатын, сонда айтқан сөзі қызым саған айтам келінім сен тыңда деп..осы сөз алімге дейн есимде))
...