Әрине, ешқандай да ақыл қосудан аулақпын. Тек, бір ғана қарапайым ұсыныс жасағым келеді.
Кез-келген адаммен байланысқанда,
- ол адаммен өте жақын араласпай тұрып, жеке басы, жеке өмірі туралы білуге тырысу, ол адамның алыстауына әкеліп соғу ықтималдығы бар сияқты;
- араласу кезінде адамдардың бір-бірінен алыстауының негізгі себептерінің кең таралғандарының бірі, жауапкершіліктің төмендігі, байлануға әуестік (навязчивость)
- ең берік деген достастықтардың себебі мына факторлармен байланысып жатады: адамның өз өзімен бола білуі (умение быть самим собой) (жеке басының дисциплинасы, хоббиі, әуестіктері, қызығушылықтары, кез-келген бір немесе бірнеше өнерін дамыту)
Және соңғысы: Қандайда бір адам қарамай кетсе немесе қимастық болса, мынаны ұққан жөн: ешкім ешқашан ешкімін жоғалтпайды, себебі, ешкім ешкімге тиесілі емес! (П. К.)
Мен әрине, білерімнің аздығын мойындаймын. Бар қосарым осы ғана. Сәттілік!