Мен өзімнің өмірімді музыкасыз елестете алмаймын Жаңадан шыққан өлеңдерді тыңдаймын, бірақ өз талғамыма сай келетін әндерді тыңдағанды ұнатамын!
Біреулер жұрттан қалмас үшін басқалар тыңдайтын музыканы (өзі ұнатпаса да) таңдап жүре береді. Енді біреулер тек өзінің сүйіп тыңдайтын музыкасын (өте ескі болып тұрса да, орындаушысы жаман болса да, т.с.с. кемшіліктеріне қарамастан) тыңдайды. Енді біреулер тыңдай отырып өз талғамына сай музыкаларды ұнатады. Тағы біреулер бір музыканы әбден құмары қанғанша тыңдап, қайта-қайта бір музыканы тыңдап ығырыңды шығарады.
Мен екінші және үшінші сортқа жатамын)))
Негізі әнсүйер қауым жақсы өлеңді орындаушының даусына (шыңғырып, айқайлап, күшеніп айтқан "шу" кімге ұнасын) , сөзіне ("ғой", "екен", т.с.с. сөздер кездесетін немесе мағынасыз сөздер болса), өз талғамына (классика, вальс, рэп, клубняк, терме, оқиғасы бар әндер, т.б.) қарап тыңдайды.