0 дауыс
859 көрілді

Неше түрлі видеолар шығып кетті ғой,кола туралы.Соларды тарақаннан жасайды дегендері распа осы?

несіне минус коятындарыңды түсінбей ақ қойдым осы. Білгім келді сұрадым Оның несі айып!!!!!!!!!!!!!!!!!
респа емес распа
Бір әріпке бола ма
Қайталап қоя береді екенсіңдер!
Сұрақтың санаты дұрыс емес, сұрақ белгілері және үтір, нүктесі қойылмаған. Санатын Тазалық, Талғам деп таңдау керек еді деп ойлаймын. Сұрақ қоярда сұрақ қою үлгісі көрсетілген. Неге солай сауатты түрде қоймасқа?
Келісемін )

5 жауап

+2 дауыс

ыыы тарақандардан жасалғанын ішіп көрдім, дәмі жаман емес. Дүние жүзіндегі барлық кока коланы тарақандардан жасамайды, ол өтірік.  Тарақан жете қоймас сонша кока коланы жасауға хыхы ))) 

хех сізге қосыламын))
0 дауыс
билмейм озим окыгам баягыда журналдан) шынымен далелдепти, ари агзага зияны болмагансын руксат етилген дейди...
0 дауыс

Алдыңғы сұрақтардың бірі:

Кока-коланы көп ішкен еркектердің белсіздік (ұрықсыздық) кеселіне шалдығу қаупі бар.  Даниялық зерттеуші топтың қолында бар деректер бойынша кола ішетін еркектердің спермасының мөлшері кола ішпейтін еркектердің спремасы мөлшеріне қарағанда 30%-ға аз болады екен.

«Кока-кола» компаниясы өкiлдерiнiң айтуынша, сусынның негiзгi құпиясы кошениль құртынан алынатын азық-түлiк қоспада екен. Әдетте оның құрамына қант, кока ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы, кофеин, карамель, көмiрқышқылы қосылады деп көрсетiлетiн. Ендi өндiрушiлер сусынның түсiн өзгертетiн бояу ретiнде қолданылатын кошениль құртының еш зияны жоқ деп елдi сендiруге тырысуда. Дегенмен «кока-коланың» адам ағзасына келтiрер залалы күннен-күнге дәлелденiп отыр. Егер жүргiзiлген тәжiрибелерге сүйенсек, бiр стакан кока-колаға салынған кесек ет бiраз уақыттан кейiн бүрiсiп, кiшiрейiп кетедi екен. Дәрiгерлердiң пайымдауынша, кока-кола, әсiресе, балалардың бас сүйегiне, ойлау қабiлеттерiне орасан зор зиян келтiредi. Жалпы газдалған сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасындағы кальций, темiр секiлдi ең маңызды элементтердi жойып, есесiне құрамындағы есiрткi зат өмiрiңiздi екi есеге қысқартады. Есесiне «кока-коланы» тот басқан заттарды, айғыздалған әйнектi сүртуге пайдалансаңыз, керегiңiзге жарайды.  

Америкалық денсаулық сақтау органдары «Кока Коланың» рак ауруын туғызуға тікелей «септігін» тигізетінін анықтап отыр. Сусын құрамындағы карамельдің шын мәнінде қоңыр қызыл канцерогендердің қосындысы екені анық болды. Кола өндірушілердің карамель деп жүргені үй жағдайында қантты ерітуден алынатын тәтті емес. «Кока колалық карамель»- аммиак,сульфит және шекерді реакциялау барысында пайда болатын, адам ағзасына зияны орасан сұйықтық. Бұл қосынды бауыр және қалқанша безі рагының өріс алуына жол ашады. «Кока кола» компаниясы шығаратын 4 өнімде жасанды карамель пайдаланылады. Ал,оның екеуіне аммиак қосылатынын білген Вашингтондық ғалымдар дабыл қағуда. 

Джон Стит Пембортон деген фармацевт адамға қуат беретін шәрбат ойлап тауып,оған адамды сергітетін кока жапырағын қосқан. Бұл өсімдік көпшілікке «кокаин» деген атпен таныс. Сол уақытта кока жапырағына тыйым салынбаған еді. Уақыт өте келе шәрбат саудаға шығарылады. Есірткіден басқа оның құрамында спирт те болған. Көпшіліктің өтініші бойынша спирт құрамнан алынып тасталып, оның орнына оңтүстікафрикалық «кола» жаңғағының дәмі қосылды. Бірақ сусын тым тәтті болып кетті. Оның дәмін аз да болса кетіру үшін, шәрбатқа су қосуға тура келді. Міне, осылайша Кока-Кола пайда болды. Ал оның сыртындағы жазуды есепші Фрэнк Ро­бинсон ойлап тапты. 1886 жылы Кока-Кола газдалып сатыла бастады. Пембортонның жаңа кәсібі бірден алға баспады. Ақша аз түсе бастаған соң, ғалым шәрбат формуласын Аза Кендлер деген кісіге 2000 долларға сатып жібереді.  Америка Құрама Штаттарына келген кезінде қалтасында небәрі 1 доллар 75 центі ғана болған Аза Кендлер идеяны жандандырып, «Coca-Cola Company» компаниясының негізін қалайды. 1903 жылы кока жапырағына байланысты қоғамның пікірі өзгеріп, ол құрамнан алынып тасталады. Соңғы статистикаға жүгінсек, Американың ұлттық сусынына айналған Кока-Коланы әлем бойынша бір минуттың ішінде 8000 адам тұтынады. Оның әзірлеу құпиясы жазылған қағаз жеті қат жердің астында сақтаулы.

+1 дауыс

Жоооқ. Ондай болса атын "Тара-кола" деп қоюы керек еді ғо. 

Тара-кола жақсы ат екен)))
қойш оған қарағанда кока кола жақсы ғой
Белгісіз
+1 дауыс

Тараканнан жасалатынына сенбимин)

Ұқсас сұрақтар

...