Бұлақ туралы өлең керек,мәнерлеп оқуға...

0 дауыс
3.9k қаралым

Бұлақ туралы өлең керек, мәнерлеп оқуға... Болса тауып беріңдерші..

• Санаты: Кітап, Әдебиет

1 жауап

0 дауыс

Адасқан бұлақ, 

Жартастан құлап,
Сүйетін еді Күн шуақ.
Арманшыл еді,
Жалған шын бе еді?
Ажалын оның кімнен... біледі?
Сылдырлап ағып,
Шылдырмақ тағып,
Ойында жоқ-ты қараулық.
...Адасқан бұлақ,
Жартастан құлап,
Сүйетін еді Күн шуақ.

Бұлақ жатыр...
Ақ тамшы-айналған сол ой көліне,
Жұлдыздың жерге тамған сөйлемі ме?
Жаралы махаббатым жалап жатыр,
Оралып айдың аппақ көйлегіне.

Елес бұлақ...
Еріні үнсіз ғана жыбырлайды,
Көзімен тілсіз дала сыбырлайды.
Мен үшін меңіреулік емес, бірақ,
Ән ғой ол құлазыған ғұмыр жайлы.

Тамшылар-ау!
Тоғжанның көз жасынан айнымаған,
Сыйлай гөр судай сұлу қйғы маған,
Менің де бір өлеңім бар шығар-ау,
Теңізде тебіреніп, ай жылаған . . .

Асыл кітәп-
Азабы артығырақ қуанудан,
Толған ай саулесімен суарылған.
Торғай-жыр ұя салған жасыл бұтақ,
Тоғжанның толғанысын куә қылған.

Сағыныштан –
Сан батпан қазан кеуде қайнап барып,
Жатады қайран көңіл қаймақтанып.
Алтын жал арғымақтай алып ұшқан,
Ағады ақ бұлақтар айға аттанып...
авторы кім ?толық көрсетсең жақсы болар еді...
Өлеңді жазған: Ерлан Нұрдыхан ұлы
көп-көп рахмет

Ұқсас сұрақтар

127,759 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы