Мысық асыраған да пайдалы дейді. Мысық адамның ауырған жерінің үстіне отырып өз биотогымен емдейді екен.
Үйде қабырғаға ілінген плакаттар (тағамдардың, табиғаттың, т.с.с. суреттер) адамға көп әсер қалдырып, оның көңіл-күйін жақсартады.
Сыра еркек адамның даусын жіңішкертеді екен. Яғни көп ішкен зиян.
Ештеңеге үлгермей жатсаңыз, 40-50 секунд (уақытыңыздың тығыздығына байланысты азайтуыңызға болады) отырып, қазір не істейтініңізді толығымен жоспарлап алсаңыз бәріне үлгеріп кетесіз.
Күнделікті тұрмыста теледидарға көп қараудың зияндығы соншалықты ұмытшақтық зорайып кетеді. Кешке кино көріп отырып таңертең не тамақ жегеніңізді ұмытып қаласыз. 8 сағат бұрын не істегеніңізді есіңізге түсіре алмасаңыз - онда сіздің басыңызды демалдыру керек, яғни сіз ұмытшақсыз.
Жататын жерге (спальный) киім, компьютер, кітап сияқты артық нәрселер толтыра бермегеніңіз жөн. Адам ағзасында да бактериялар болатынын ескерсек, бактериялардың жүрмейтін жері жоқ. Олар сол артық заттардың бәрінде болады.
Сағаттың тықылы жүйкеге тым қатты әсер етеді. Тыныш жердегі сағаттың тықылы арқылы адамды қинауға болады.
Сарымсақ немесе пияз тұмаудан арылтады, жағымсыз иістерді жояды.
Жалаңаяқ жүргеннің пайдасы өте көп. Адам табанында өте күшті рефлексиялық нүктелер шоғырланған, олар тітіркенген сайын ми да жаттығып, сергектеніп, күш-қуат береді.
Күнді бастамас бұрын ешкім (тіпті өзіңіз де) көрмеген күлкілі кино (видео, КВН, комедия, т.с.с.) көріп кетсеңіз күні бойғы күлкінің себебі болмақ. Жақсы музыка тыңдап жүрсеңіз ол да істің тиянақтылығына себепкер болуы мүмкін (адамдарға байланысты).