+1 дауыс
389 көрілді

Сәлем, достар! Біз командалық программалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Командада 4 адам бар:

- Бас жобалаушы;
- Дизайнер;
- Интерфейс бағдарламашы;
- Серверлік бағдарламашы;

Осы уақытқа дейін әркім өз компьютерімен тапсырмасын орындап, оны интернет, желі, бұлт қызметі арқылы өзара құжат алмасу методын пайдаланып жүрген едік. Бұндағы плюс жақтары белгілі болар. Минус жақтары:

- Уақыт жоғалады;
- Файл жаңарған уақытта, бір немесе бірнеше адамның жұмысы жоғалып кетуі ықтималдығы бар;

Осыларды алдын алу үшін, SVN жүйелері бар көрінеді. Бұған қоса, GitHub сияқты репозиттер де белсенді қолдануда.

Барлық жобаны қолмен жазамыз. Яғни, блокнот арқылы теріп. Ешқандай ірі IDE, VS сияқты құралдар қолданылмайды.

Біз, әрине өз тарапымыздан шешімін іздестірудеміз. Алайда, бұрын осы проблемаға жолығып, шешімін тапқандардан, білетіндерден көмек сұраймыз.

Кез-келген жауаптарыңыз маңызды. Рақмет!

1 жауап

+1 дауыс

Ereke_enu айтуымен, тортиз сынақтан өтуде.

 

http://tortoisesvn.net/downloads.html

Орыс тілінде жақсы документациясы бар екен. http://sourceforge.net/projects/tortoisesvn/files/1.8.4/Documentation/TortoiseSVN-1.8.4-ru.pdf/download
...