0 дауыс
339 көрілді

"Қазақстанның бюджет-қабының түбі көрінді" деген сөз рас па? Елбасы шетелдерге әр сапары сайын қарыз сұрап өз қарызын 4 миллиардқа жеткізді, ал оны қалай жабатыны белгісіз. Жарықты өшіріп электрді үнемдей бастады, айлық пен зейнетақы кештетіп келе жатыр, т.с.с. 

Ешқандай жаңалықтарды айтылмаған, тек ел арасындағы "гу-гу".

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

"Елбасы шетелдерге әр сапары сайын қарыз сұрап өз қарызын 4 миллиардқа жеткізді, ал оны қалай жабатыны белгісіз" деген сөздеріңмен келіспеймін, әрине...

Қазақстанның бюджетінде қаржы аз екені рас, себебі "биылғы қашағанның 7 пайыз үлесін сатып алуға ақша жоқ" деді ғой. Тіпті ұлттық қорымызда 72 миллиард АҚШ доллары бар дейді, бірақ та ұлттық қорымызда осынша ақша бола тұра Қытайдан 10 миллиард қарыз алуымызға қарасақ мұндай соманың жоқ болуы ғажап емес...

Сонымен қатар, біз Ұлттық қорымыздың қаржысы қандай компаниялар мен мемлекеттердің бағалы қағаздарына салынғанын білмейміз.

Статистика бойынша Қазақстан 110 елге 72 миллиард доллар қарыз екен, яғни ол мемлекет пен отандық банктер мен компаниялардың шетелден алған қарыздары.

Қалай ойлайсың, Қазақстан бұл қарыздарынан қалай және қашан құтылады?
қарыздарды жауып құтылғанмен қайта қарыз алып отырады........
мысалға Қытайдың, АҚШ-тың, Ресейдің, барлық дамыған елдердің қарызы жылдан-жылға өсіп отыр бұған себеп,,,,,,,,,,,
АҚШ өзінің проблемасын шешу үшін долларды көп басып шығарып отыр,яғни барлық мемлекеттерде доллар көбейіп кетеді де құнын жоғалта бастайды,,,
Бұл мәселеден шығу үшін өзіміз өнім шығаруға кедергі болатын (әкімшілік, жоғары салық)-ды алып тастап ішкі өндіріске бар жағдай жасау қажет ,,,өзіміз өнім шығарғанда ғана қарыз алуды қысқартады
...