+2 дауыс
424 көрілді
Салам жігіттер! Өтініш сайттың шаблонын дұрыстаңдарш, кейбір жерлері дұрыс емес.(мін айтудан аулақпын,жай ғaна ұсыныс)background керегі жоқ,oданда бетті үлкейтіндерш..Sait adminderine RESPECT!!!!




Облока тегов деген көрген боларсың скрипт арқылы істелгенін?! Ең танымал ілмектерді  соған қойып істесең керемет болар еді.айналып тұратын сөздер ше))))))))))

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ия ұсыныстарың орынды. Егер сайтқа қатысты сұрақтар мен жауаптарды қарап шықсаң мен бұл тақырыпта қойылған сұрақтарға жауап беріп шыққанмын. Ол үшін Санаттардың соңында [Сұрақ-Жауап сайтына][1] қатысты санатты таңдасаң шығады.
Енді сұрақтарыңа нақтылай жауап беріп шықсам. Сайттың енін үлкейтпеймін жалғыз саған ыңғайлы болуы үшін, себебі мен Зеро.кз Гугл аналитикстің статистикасына қарағанда сайтқа келетін қолданушылардың 70-80 пайыздан жоғары компьютерлерінің маниторларының көлемі 1024х768 болып табылады. Сондықтан мен сайттын енін 1000 пикселге лайықтағанмын. Жалпыға ортақ ен көлемі болып саналады. Сайттың енін резина етіп істейін десем мен үшін қиындау. Себебі мен жалғыз өзім верстальшиктің де, дизайнердің де, программситтің де қызметін атқарып сайтты істеп жатырмын. Див-ке тастап сайтты резина қылу ойда бар, бірақ сайтқа тиімсіз. Мүмкін алдағы уақытта желтоқсан айында жаңартудан кейін резинаға тастауым мүмкін, бірақ нақты тастаймын деген ой жоқ. Меніңше осы сайттың көлемі барлығын қанағаттандыратын сияқты. Бакроундтың бұлай қою себебі жаны басқа түсте болып, сайттың ортасы ақ болуы көзге мәтінді оқуда жеңіл қабылдап көздің талмауына тікелей байланысты. Себебі сайтты видео көру үшін емес, мәтіндерді оқу үшін арналған. Бір шетіннен күздің белгісі ретінде! :)
Ілмектерді скрит арқылы істегеннен сайттың келбеті мықты болып кетеді деген түсінікпен келіспеймін. Біріншіден Скрипт Оперативті Жадынан естептеу алып тұратынын білетін шығарсың, сайтымызға қолданушылар тек компьютермен ғана емес, ұялы телефонмен кіретін еді. Компбютерден сұрақ жауап сайтының 10 бетін ашып әлгі скрипт орындалып тұрса, браузерің қатып қалып, процессордан естептеу жүріп тұрады. Ондан да жеңіл қарапайым Ілмек бізді қанағаттандырады. Сайтты мейлінше жеңіл қылған дұрыс. Егер сайт қалай істейтіндігі туралы хабарың бар болса менің не айтпағымды түсінерсің деген ойдамын! )))


  [1]: https://surak.baribar.kz/surak-zhauap-kz-туралы
tusinikti
негізі меніңше background алып тастағаның дұрыс сияқты. сайтқа  кіретіндердің 80пайызы 1024 экранмен болса олар background ты көріп жатқаны шамалы, көрсе де не екенін түсінбей жатқан шығар. 1024 экрандыларға фоныңның тек сол жағынан 12пиксель оң жағынан 12 пиксель палоска көреді. оданда ақ фон болған дұрыс, сол кезде сайттың размері үлкен болып көрінеді  (имхо-ның қазақшасын азірге ойлап таппадым, сондықтан азірше ИМХО деп жазып кетейін)
дурысы резинка-ау дим ))) мен алдым осы КМС-ти ка карап коремиз)))прогресс болса айтармын
[осындай болса болмай ма?][1]


  [1]:
резиновый әзір қажет емес, оол үшін тейблдарды процентпен жазу керек, тексттардын барін спанга салып алигн беру керек, немесе барлыгын дивка салу керек көп жұмыс болып кетейіндеп тұрған сияқты. менің экранымнын размері 1920 резиновый болса сайттың түрі қашып кетеді мен үшін )))
+4 дауыс
размері тұра берсін, стандарт бойынша жасалған. одан үлкейтсе 1024 экрандарға скрол шығып кетеді. расында background қажет емес сияқты ))
[мына облока тегов-ты карасаншы][1]


  [1]: http://enu.kz
ия күнде көріп жүрген нәрсе ғо, расында ол скрипт болса жаман болмас еді. сайт жайында бірдеңе шірдеңе деуге өзім ыңғайсызданам, келгеніме жаңа бір ай болдығо. )))<s> бірақ өзгерту керек сияқты біраз жерін</s>
керек болса берейн менде бар
айтып отығаның осы ма? мынауың флэш екенғо, ниетіңе рахмет, қажеті жок! мені шатастырып отырған жоксың ба? менің бұл сайтқа қатысым жоқ, жәй ғана редактормын ғо мен. админ кешке кіретін шығар сол кезде жауап берер))

айтпақшы сайт жасайсыңба?

![description][1]


  [1]:
...