Жылқыда өт болмайды. Оның рөлін бауыр өзегінің кеңіген жері — өт цистернасы атқарады. Сондықтан организмде өттің екі түрі болады бауыр өті және қапшық өті. Олар бір-бірінен негізінен физикалық қасиеттерімен ерекшеленеді. Қапнтың өті қоюлау, қоңыр-қай келеді де, оның тұтқырлығы мен тығыздығы бауыр өтімен салыстырғанда жоғары болады. Оның себебі өт қабынан судың едәуір мөлшері кері сорылады. Қапшық өтінің құрамында 85% су болса, бауыр өтінде бұл көрсеткіш 97,5% құрайды.