+1 дауыс
561 көрілді
Мен 11-сынып оқушысымын. Әзірге "Алтын белгіге" үміткерсің демегенімен, желтоқсанға дейін көрейік деп директорымыз сәл үміттендіріп қойған. Әйтеуір , барымша үмітті ақтауға тырысып -ақ келем. Бірақ байқау сынақтарында әлі де болса толық "5" алмадым. Әсіресе математика...Расымен де солай ма,бәлкім мен қателесемін бе білмеймін,бірақ меңінше ұстазымызда бізді алалаушылық бар. "Сен ала алмайсың,шығара алмайсың" деген сөздері кейде расымен де жынымды келтіреді(Алға ұмтылдырып ,жігерлендірудің орнына ). Бақылау кезінде сыныптағылар сұраса жауап береді,ал маған жоқ.Улкендігі бар,ұстаздығы бар көбіне үндемеймін.Кейде ойнап" неге олай істейсіз?" деп сұрап та қалам. Бірақ өзі мән бермейтін секілді. Сыныптағы әкесі мұғалім қызды үнемі көтермелейді.( көре алмайды екен демеңіз,алалайтындығын ұнатпаймын )Қысқасы ; ол мені жақтырмайды ма,әлде әке-шешем мұғалім болмағандықтан менсінбей ме соны біле алмадым.Менің кінәм не екенін түсіне алмадым. Бұл ҰБТ -ға дайындық кезінде қиын. Сіз қалай ойлайсыз мән бермегенім дұрыс па,әлде менікі өзімшілдік пе?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Басқа сыныпқа ауысып кетіңіз, өзіңіз ұнаған сынып жетекшіге барыңыз. Ал, сыныптағы достарыңыздан айырылып қаламын деп ойламаңыз, сізді түсінген достарыңыз қарсыласады деп ойламаймын, қарсыласса тек қимастық сезімі болуы мүмкін.

Бұл жағдай менің басымнан да өткен, апайымыз бір кызды көп мақтайтын, бағасын да көтермелетіп қоятын, себебі ол қыз мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып,апайдың жұмыстарын тиянақты орындап беретін, ал сабаққа келгенде кейде анадан көшіріп, мынадан көшіріп, бұрыннан баға үшін ғана оқитын, күнделігі кілең беске толып жүретін, тіпті жетекшіміз бізге былай дейтін: "П... деген қыздың қолын қазірден алып қойыңдар, ертең директор болып кетсе кеш қаласыңдар" деп, тіпті салыстыратын да болды, көреалмаушылық емес әрине, бірақ мен өзіме ұнаған сыныпқа ауысып кеттім, Аллаһқа мың шүкір, ол сынып менің үмітімді ақтады, мені жақсы қарсы алды. Содан, ҰБТ-ға артық, майды-шүйде нәрсеге көп мән бермей дайындалып, нәтижесінде салыстырсам менің бағым шауып, ҰБТдан 100 балл алып грантқа түстім, ал анау қыз 49(проходнойға да жетпеді). Ол апай өкінді деп ойлаймын, себебі мектепте салыстырмалы қарағанда мен ауысқан біздің сыныптың проценті басқа сыныпқа қарағанда жоғары болды.

Айтарым, Әрбір қиыншылықтың бір жақсысы болады, тек оны сабырлықпен күте білу керек.

0 дауыс
Оған мән бермеңіз. Жай ғана игнор етіп тастаңыз. Сіз ол үшін емес өзіңіз үшін оқисыз, және одан басқа да көмектесетін адамдар көп емес пе... Сіз Құдай қаласа алтын белгіңізді ақтасаңыз, ол өзі бір қорытынды шығаратын шығар.
Амин! пікіріңізге рахмет

Ұқсас сұрақтар

...