Химиялық реакция теңдеуін құрамыз:
3Ca + N₂ = Ca₃N₂
Зат мөлшерін есептейміз:
n(Ca) = 14 : 40 = 0,35 моль
n(N₂) = 1,12 : 22,4 = 0,05 моль
Көріп тұрғанымыздай, азот жеткіліксіз, сондықтан есептеуді соған қарай жүргіземіз.
1 моль азоттан 1 моль кальций нитриді түзіледі, демек 0,05 моль Ca₃N₂ алынады.
m(Ca₃N₂) = 148 × 0,05 = 7,4 г
Реакция теңдеуіне сәйкес кальций азотқа қарағанда 3 есе көп жұмсалады.
Яғни реакцияға 0,15 моль Ca түсті.
Қалған кальций мөлшері:
0,35 − 0,15 = 0,2 моль
Массасы:
m(Ca) = 40 × 0,2 = 8 г