Ыбырай Алтынсарин «Береке кеткен елдерде» деген өлеңінде берекенің кетуі деп есептеген әрекетті көрсетіңіз:
Бір-бірімен дауласу.
Ыбырай Алтынсарин «Жаман жолдас» әңгімесін кімнен аударған:
Л.Н.Толстой
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясына» енген әңгіме-мысалды белгілеңіз:
«Қайырымды түлкі».
Ыбырай Алтынсарин атасының көмегімен қандай шығыс зерттеушісімен танысты:
В.В.Григорьев
Ыбырай Алтынсарин ашқан оқытушылар мектебі қайда орналасқанын табыңыз:
Орскіде
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің ең негізгі тақырыбы:
Еңбекті сүйу және қадірлеу
Ыбырай Алтынсарин әңгімесі бойынша талаптың пайдасын көрген адамды белгілеңіз:
Суретші бала
Ыбырай Алтынсарин қазақ хрестоматиясына қай әліпби негізінде жасағандығын көрсетіңіз:
Орыс әліпбиі
Ыбырай Алтынсарин қай әңгімесінде «Бағып-қағуда көп мағына бар» деп, ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу қажеттігін көрсеткенін табыңыз:
«Бақша ағаштары»
Ыбырай Алтынсарин қай әңгімесінде «бар байлық адал еңбек пен зор денсаулықта,дені сау адам бақытты» деген тұжырым жасайды:
«Мұңсыз адам»
Ыбырай Алтынсарин қай шығармасының кіріспесіне «Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ» деп жазған:
«Мұсылмандық тұтқасы»
Ыбырай Алтынсарин құрастырған «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы беті қандай өлеңмен ашылғанын табыңыз:
«Кел, балалар, оқылық!»
Ыбырай Алтынсарин оқыған Орынбордағы орыс-қазақ мектебінің ашылған жылын көрсетіңіз:
1850 ж
Ыбырай Алтынсарин үлгісімен тәрбиелік мәндегі қысқа әңгімелер жазған жазушыны табыңыз:
С.Көбеев
Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз:
1864 ж.Торғайда
Ыбырай Алтынсаринді атасы Балқожа би қай мектепке оқуға бергенін табыңыз:
Орынбордағы орыс-қызық мектебі.
Ыбырай Алтынсариннің «Асыл шөп» деген әңгімесіндегі адамның ең асыл қабілеті деп көрсетілетін қасиет:
Сабыр
Ыбырай Алтынсариннің «Бақша ағаштары» әңгімесі не туралы:
Тәрбие
Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» басылып шыққан жерді белгілеңіз:
Орынбор
Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» қашан, қай қалада басылып шыққанын белгілеңіз:
1879 ж.Орынборда
Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген материалдардың біразы қайдан алынғанын табыңыз:
Лев Толстойдың балаларға арналған кітаптарынан
Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесіндегі оқиға орнын көрсетіңіз:
Торғайдағы Қабырға өзені
Ыбырай Алтынсариннің «Салақтық» деген әңгімесіндегі Кәрім неліктен ауырып қалды:
Тазалыққа мән бермегендіктен
Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген ауыз әдебиеті үлгісіндегі аңыз-әңгімесін белгілеңіз:
«Лұқпан хакім».
Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген өлеңдерінің негізгі тақырыбын белгілеңіз:
Оқу, білім
Ыбырай Алтынсариннің 1876 жылы Питербург, Қазан қалаларына қандай мақсатпен барғандығын табыңыз:
Орыс ағартушыларының оқулықтарын зерттеуге
Ыбырай Алтынсариннің алғаш оқыған мектебі:
Орынборда орыс-қазақ мектебі
Ыбырай Алтынсариннің ата-анаға мейірімділік және төзімділік туралы шығармасын табыңыз:
«Аурудан аяған күштірек»
Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік теңсіздік тақырыбына жазған өлеңін табыңыз:
«Әй,жігіттер»
Ыбырай Алтынсариннің еңбегін бағалай көрсеткен С.Көбеев шығармасын табыңыз:
«Орындалған арман»
Ыбырай Алтынсариннің жастарға бата ретінде жазған шығармасын белгілеңіз:
«Өнер-білім бар жұрттар»
Ыбырай Алтынсариннің қай әңгімесі үш адамның сұхбатына құрылған:
«Таза бұлақ»
Ыбырай Алтынсариннің қай әңгімесінде сабырлы болу насихатталады:
«Асыл шөп»
Ыбырай Алтынсариннің Орынбордағы Шекаралық коммисияға қай жылы тілмаш болып ауысқанын анықтаңыз:
1859 жылы
Ыбырай Алтынсариннің орыс досын көрсетіңіз:
Ильминский.
Ыбырай Алтынсариннің отырықшылық жайлы әңгімесін табыңыз:
«Қыпшақ Сейітқұл»
Ыбырай Алтынсариннің отырықшылыққа, егіншілікке үгіттеген әңгімесін табыңыз:
«Қыпшақ Сейітқұл»
Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген уақытын белгілеңіз:
1841-1889 ж.ж.
Ыбырай Алтынсариннің өмір үшін күресудің жолын білмейтін шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жанның қандай болатынын көрсеткен әңгімесін белгіле:
«Бай баласы мен жарлы баласы»
Ыбырай Алтынсариннің прозалық шығармасын табыңыз:
«Бақша ағаштары»
Ыбырай Алтынсариннің туған жері:
Қазіргі Қостанай облысы, Затобол ауданы
Ыбырай Алтынсариннің ұрлық, барымтаның түбі қорлық екенін дәлелдеген туындысын табыңыз:
«Қыпшақ Сейітқұл»
Ыбырай Алтынсариннің шығармасын табыңыз:
’’Асыл шөп’’
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясына» кірген біраз материалдарды қайдан алғандығын табыңыз:
К.Д.Ушинскийдің «Детский мир», «Родное слово» кітабы
Ыбырай Алтынсарин туралы жазылған поэманың атын белгілеңіз:
«Дала қоңырауы»
Ыбырай Алтынсариннің еңбегіне сай келетін жауапты анықтаңыз:
Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш аудармашы
Ыбырай Алтынсариннің қай жылдары уездік жаңа мектептер ашқандығын табыңыз:
1879-1883 ж.ж
Ыбырай Алтынсариннің қай жылы,қай жерде қыздар мектебін ұйымдастырғанын анықтаңыз:
1887 жылы, Ырғызда.