0 дауыс
3.2k көрілді
Тракторшылар бригадасы жоспар бойынша күніне 112 га жер жыртуы тиіс еді. Олар күндік жоспарларын 8 га артығымен орындай отырып, тиісті жер телімін мерзімінен бір күн ерте жыртып бітірді. Бригада неше гектар жер жыртуы тиіс еді. (Жауабы 1680 га) Шығару жолын,шартын жазып беріңіздерші. Заранее рахмет))

1 жауап

+1 дауыс
Осыдан кейін қалай маман боласыңдар, ЕНТ қалай тапсырасыңдар?

Бригада Х га жер жыртуы керек болсын, Жоспар бойынша осы жерді t күнде жыртып болады.

яғни X=112t

ал бригада күніне 8 га жер артық жыртып отырып, мерзімінен 1 күн ерте болды. яғни былай

X=(112+8)(t-1) = 120(t-1)

екі теңдеуді теңестіріп t уақытты тауып аламыз

112t=120(t-1)

120t-112t=120;

8t=120

t=15

Бірінші теңдеуге апарып уақытты қоямыз, сонда X=112t=112*15=1680

1680 га жер жыртуы тиіс екен.
...