+3 дауыс
10.3k көрілді
Екпе салынбай қалған бір сиырымыз сары аурумен ауырып қалыпты. Атам мал дәрігеріне қаратып емдетіп жатыр екен. Сиырлар неге сары аурумен ауырады? Жазда бір бұзауымыз ауырып қалып атам айран ішкізіп емдеп жатқанын көріп едім. Құрбым біздің де бір сиыр осылай ауырғанда құрбақа жұтқызып едік, содан жазылып кетті дейді. Сары аурумен ауырған малға құрбақа ем бола ма? Естігенсіз бе осындай ем түрін?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Көркем қыз! Сиырдың сары ауруы (тейлериоз) тек жаз мезгілінде ғана болады. Аурудың тасымалдаушысы - Гиаллома кенесі. Ауруды емдеу үшін ветеринар маман арнайы тейлериоздың дәрісін шаншу керек. Айран, құрбақа дегендер ем болмайды. Құрбақаны әшейін температурасын түсіру үшін жұтқызады.
–1 дауыс
Ааааааааа Сиыр сары аурумен ауырама не???
Сары ауру деп айтқанмен адамдағыдай сары ауру емес Адамдағы сары аурудың қоздырғышы вирус,және бауырды зақымдайды.Ал сиырдағы сары аурды кейбір елді мекендерде мысалы Торғай Жезқазған ,Қызылорда  өңірінде малшылар "өттеу" деп те атайды. Бұның қоздырғышы паразит,ал осы паразитті тасымалдаушы кенелер малды шаққанда қанға енеді. Негізгі емі малярияға қарсы дәріні малдың аузына құяды.Ыстығын түсіру үшін малшылар сиырдың арқасына қайта қайта салқын су құйып, арқасы жабыспау үшін уқалап жатады. өте жақсы көмектеседі. Мал ауырмау үшін көктемнен бастап кенеге қарсы шараларды жасаған дұрыс.Малдәрігерлік дәріханаларда кенеге қарсы малдың үстіне шашатын спрейлер болуы керек.өріске шығар алдында шашып тұрса, ауырмайды.
0 дауыс
Біздің бұқамыз сары ауру болып ауырып енді артқы екі аяғ ісіп жатыр., алғашқыда алдыңғы аяғы іскен енді артқы аяғы ісіп кетті сары ауруы басылған сияқты., жалпы түсінбей жатырмыз?
0 дауыс
Вет аптекадан бутажекс  дарисин алдыр ..сол дарини булшык етке 1г-20кг булшык етке саласыз.натрий хлориди симтема салвныз ..кандагы вирустарды тазарту ушин
0 дауыс
Бауыр құрттың дәрсін буаз сиырға беруге болама
...