0 дауыс
10.9k көрілді
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері анықтауыш пен пысықтауышты дұрыс білмемін кейде екеуін шатастырып алып та жатамын қалай үйренгенім дұрыс сұрақтарын жаттап алсам жеткіліктіме сіздер қалай үйрендіңіздер тәжербиелеріңзбен бөліссеңіздер?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Анықтауыш[1]деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені атаймыз.[2]

Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.[3]

Анықтауыш болатын сөз таптары[өңдеу]

Анықтауыш болатын сөз таптары:

Негізгі, туынды сын есімдер анықтауыш болады:

Мысалы: Ақ сары ат доп болып ішін тартқан

Зат есімнен болады:

Мысалы: Қой қораның алдында электр моторының дүбірін естіді.

Сан есімнен болады:

Мысалы: Жаңадан екі үй құрылып жатыр

Есімдіктен болады:

Мысалы: Оспан мына қимылға тіпті сүйсініп кетті

Етістіктің есімше түрінен болады:

Мысалы: Оқыған кітаптарым мені іске бастады

Ілік септік жалғауы жалғанған сөздер анықтауыштың қызметін атқарады

Мысалы: Көптің ісінде береке бар. Талаптанғанның еңбегі жанады.

 

 

Пысықтауыш [1] деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшеніатаймыз.[2]

Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?

Пысықтауыш болатын сөз таптары[өңдеу]

Пысықтауыш болатын сөз таптары:

Үстеуден болады
Сын есімнен болады
Сан есімнен болады
Көсемшелер сөйлемде қайтіп? қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап берсе, пысықтауыш болады
Барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөздер мекен, бет алыс-бағыт, сын-қимыл мағыналарын білдіріп, қайда? қайдан? қашан? қалай? деген сұрауларға жауап берсе, пысықтауыш болады
Мезгілге байланысты зат есімдер тәуелдік жалғау я шылау тіркесу арқылы, кейде оларсыз да, басқа сөздермен бірігіп те пысықтауыш болады

барыс септіктегі кейбір сөздерден кейін шейін (дейін), бола, қарай, таман сияқты шылаулардың бірі тіркесіп пысықтауыш болады.
кейбір шығыс септіктегі сөздердің соңынан соң, кейін, ары, бері, қарай, бұрын сияқты шылаулардың бірі тіркесіп, пысықтауыш болады.
кейбір көмектес септіктегі сөздердің соңынан бірге, қабат, қатар сияқты шылаулардың бірі тіркесіп, пысықтауыш болады
кейбір сөздерге арқылы, арқасында, үшін, сайын шылаулары тіркесіп келіп, пысықтауыш жасайды

 

 

Бұлар википедиядан алғаным ал өзім ережесін толық білемін.
...