Біздің университетке (ҚазҰПУ-ға) биыл қысқы демалыс 9-21 желтоқсан аралығы дейді, сіздерде де солай болып жатыр ма? Жаңа жылдық демалысымызды алдын-ала өткізіп, сосын аралық бақылау басталып, артынан іле шала емтихан тапсырып "үһ" дегенде, 2-ші семестр басталып кететіні, біздер, студенттер үшін моральдық, психологиялық та ауыр соғады. Өйткені 10 күндік демалысты ата-ана, достарыңмен өткізудің орнына, емтихан, рубешканы уайымдап, миға ауыртпалық түсері сөзсіз.