Ыстықтан, ұзақ тұрғаннан, адамның көптігінен құлап қаламын. Мысалға алғашқы, соңғы қоңырауларда мәжбүрлеп адамдардың арасына тұрғызып қояды. Сол кезде осы үш фактор (ыстық, адамның көптігі, ұзақ отырмай тұрып тұру) байқалады да есімнен танамын. Ал егер де осылардың бірі жоқ болса (ыстық, адам көп, бірақ орындықта отырсам немесе адам көп, тұрып тұрмын, бірақ салқындап отырсам) онда ештеңе болмайды. Бұл неден?
Қосымша сұрақ: "P.S." деген сөз не мағына береді екен ұзартып айтқанда? Өзім де көп қолданамын, бірақ мағынасын білмейді екенмін. Болмашы ойға сұрақ ашудың қажеті жоқ шығар. Егер жауабын біліп тұрсаңыз қосымша сұрақтың жауабын пікір ретінде жаза салсаңыз?