Қазақ та Итаяққа салу деген дәстүр бар. Жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда, не есік көруге шақырғанда әйелдер не үлкен әжелер оған «итаяғына сал», - деп сақина, күміс, жүзік сияқты заттар береді. «Итаяғына салу» деген келіншек босанып баланы шаранасынан жуатын суға яғни «шілде суына» әлгіндей күміс жүзік, күміс сақина, күміс түйме сияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп, нәрестені жуады. Жуып болғаннан кейін әлгі заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып бөлісіп алып, мәз мейрам болып тарасады.
Әлі есімде бала кезімізде біздің үйдің бесігінде күміс қоңырау сылдырлап тұрушы еді, анамыз бәріміздің киімдерімізге күмістен ілгек, теңге т.б. әшекейлер тағып қоюшы еді. Өзініңде барлық әшекейлері күмістен болатын.
Ежелгі қазақтар қолында, киімінде күміс әшекейлері жоқ әйелдерді қазан-ошаққа жолатпаған. Кей өңірлерде онсыз пісірілген асты арамға санаған. Бұл дәстүр көрші түрікпен елінде күні бүгінде де қолданыста бар.
Күміс демекші, сонау ерте замандарда қазақ қолы мен қалмақ қолы соғысып жатқан кезеңде, сол жерде бір жұқпалы ауру пайда болып қалмақ қолы сол кеселден баудай қырылыпты. Ал қазақ сарбаздарының еш қайсысына бұл кесел дарымаған. Кейін зерттеушілер бұның басты себебі, қазақтың қару-жарағы мен ат-әбзелдерінде күмістің мол болуынан деп тұжырым жасаған. Дана халқымыз күмістің көптеген жұқпалы кеселдерге қарсы тұратын қасиеті барын ежелден-ақ бағамдаған.
Тура осындай бір дерек араб аңыздарында да бар. Бірде араб сарбаздары астан жаппай уланып, бұл аурудан тек қана олардың басшылары аман қалыпты. Кейін зерттеу жүргізгенде әскер басшыларының асты күміс қасықпен ішетіндері анықталған.
Күміс бактери-цидтік және антисептикалық қасиетке ие. Әрі қабынуға да қарсы әрекет ете алады. Бір сөзбен айтсақ, табиғи бактерицидтік металл бактерияның 650 түріне қарсылық білдіре алады екен. Күмістің емдік қасиеті бүгінгі медицинада да толықтай дәлелденген. Қазақ емшілері өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Күміс сумен әрекеттескенде иондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан, күміс қосылған су ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундік жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады. Тіпті, ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда, адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады.
Қазақта алтын мен күміс қатар жүреді. Себебі, алтын күмістің бактерицидтік қасиетін арттырады. Ағзадағы иммунды қалыпты етеді. Көне Греция мен Римде алтынды (пластинкаларын) ауызға салып, тамақ ауруларын емдеген екен. Сондай-ақ, қазіргі медицинада да алтын қоспалары кеңінен қолданылады.
Жалпы ішетін суыңа (графинге) түнге қарай күміс салып қойып, таңертең ішетін болсаң көптеген жұқпалы аурулардың алдын алуға болады.
Тарих тағлымы: Бұл дәстүрдің жалғасуы ұрпағымыздың әр түрлі жұқпалы аурулардан аман болуының кепілі болмақ. Бұл қазіргі дәрігерлік "екпелерден" мың есе артық. Оған күмәндарың болмасын.