Мен насыбай атамын. Соны қалай қоюға болады?

+2 дауыс
26.8k қаралым
Мен (насыбай) атамын. Сол жаман әдетімді қояйын десем, қоя алмаймын. 1-2 күннен артық уақытқа шыдай алмадым, басым ауырып кетеді. Көмектеріңіз қажет!!!!
• Санаты: Жалпы медицина Белгісіз
админ суракты жауа бериниз мени канагаттандырды
Құрметті қолданушы!
Сіздің сұрағыңызда қателер болғандықтан сұрағыңыз өңделді. Дұрыс түсінуіңізді сұраймын.

16 жауап

0 дауыс
Ассалаумағалейкум, халайық! Бірітіндеп мөлшерін азайту нәтижеге әкелмеуі мүмкін, бірден қойып кету қиын. Бастапқыда басың ауырады, денең сыздап, буындарың сырқырайды, күндіз мазаң, түнде ұйқың қашады. Ерік пен шыдамдылық қана керек. Қою мүмкін, бірақ артынша бірер жылдан кейін, ағзада никотин жеткіліксіздігі туындауы мүмкін, сол себепті темекі тартып, насыбай ататындардан аулақ жүрген дұрыс, аздаған темекі түтіні азғырып жіберуі мүмкін. Ауыздан шірік иісі кеткенімен, тістерің былқылдап қалады, одан қорқудың қажеті жоқ, бұл - жаман әдеттің кесірі. Ешкім ұртында насыбай, ерніне қыстырған темекімен тумайды, соны әрдайым ішіңнен ойлап, басқа пайдалы шаруамен алдану керек. Басымнан өткерген тәжірибем.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
127,799 сұрақ
322,402 жауап
153,153 пікір
72,836 қолданушы