+1 дауыс
2.1k көрілді
Жылау ер адамдарға тән бе? Қандай жағдайларда жылауы мүмкін.
Кім айтты сендерге әйелдер ғана жылайды.Ерлер сонда таз жүрекпе не

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ер адамға тән емес. Өзім ер адамның жылағанын дұрыс деп есептемеймін. Жақыны қайтыс болғанда жылағаны  бір бөлек, оны бәріміз де түсінеміз. Ал былайша, жеңіліске, көңіліне бір нәрсе тигенге жылау деген ұят нәрсе!

Жігітттер, ешқашан көз жастарыңды көрсетуші болмаңдар! Нағыз Қазақ жігіті деген атқа лайық болыңдар!!
0 дауыс

Жуа аршығанда, жақын адамы қайтыс болғанды жылауы мүмкін.

 

0 дауыс

Әр адам жылай алғансон,жылау ер адамға да тән!Бірақ та қыз сияқты әр нарсеге жылай бермейді ер адамдар!

Жақыны қайтыс болғанда да өте қатты жылауға болмайды,қуаныштан жылауы мүмкін,жақындары өте қатты көңіліне тиетін сөз айтқанда!

0 дауыс
Батыл да батыр жігіттерімізді жылататын бірнеше себептер ғана бар.

1. Жақын адамдарынан айырылғанда. Яғни сүйіктілері, туған-туысқандары, өмірлік ұстаздары қайтыс болғанда. Бұл жағдайда жылау кімге болса да орынды болып көрінеді. Алайда ер азаматтар қыздар секілді эмоцияларын көпшілікке жарияламай, адам аз жерде көрсетуді жөн көреді. Жоғарыда айтқанымыздай жылау арқылы олар күйзелістен арыла алады.

2. Тұрмыстағы шарасыздыққа әкеліп тірейтін жағдайлар. Бұл заманда мұндай жағдай аз кездеседі деп айту қиын. Жұмыссыздық, отбасыны бағу, дамылсыз өскен бағалар, аз жалақы тағы да басқалары ер адамның жүйкесіне әсер етеді. Мұндайды темірден жаратылған жігіттер де көтере алмасы анық. Кейбір батыр деп жүрген жігіттеріміз әйтеуір бір күні морт сынып, тағдырдың тәлкегіне түседі. Сол мезетте жас балаға айналып, қамқор болар ананың жылы алақанын іздейді.

 

3. Көңілшектіктен. Кішкене қызының өз қолымен жасаған сыйлығы әкесінің көңілін босатып жібереді. Мұнымен қатар, бұзақылардың балаларға жасаған жауыз әрекеттері, драмалық фильмдер, жануарларды қинау секілді дүниелер де олардың көңілін босата алады.

4. Жеңіліс. Жеңіліс ойында ғана емес, өмірде де бар. Әрдайым алда жүріп, мықты болуға ұмтылу – табиғаттың заңы. Ал олар көптен құрған жоспарларының күлі көкке ұшса, міндетті түрде жылайды.

Жігіттер де біз секілді физиологиялық әсерлердің себебінен, бақыттан, пиязды турағаннан жылайды. Алайда олар жылап алуды әдетке айландырса, бұған бей-жай қарамаған жөн. Мұндайға тек аналарының балалары, нағыз әлсіз жігіттер жол береді. Осымен жігіттердің не себепті жылайтындығы анықталды!

http://massaget.kz/bastangy/psihologiya/14591?answer
0 дауыс
Әйел адамдары ғана жылау керек деген заң жоқ. Ер жігіт тас жүрек болмаса қайғыдан жылайды. (майда шүйде болмайтын нәрсеге жыла беру дұрыс емес енді)
0 дауыс
1) жакын адамы омирден откенде жылайды; 2) еркектын кабілетінен айырылғанда, омирден киналғанда Аллах Тагаладан комек сурап жылайды.
0 дауыс
Кез-келген адам жылай алады. Ер адамдардың көп ,  елдің көзінше , болмашы нәрсеге  жылағанын көрмедім. Бірақ жылағысы келгенде жылайды (;
...