Жолданбаған хат өлеңін қайдан тапсам болады?

+2 дауыс
566 қаралым
Жолданбаған хат өлеңін қайдан тапсам болады?
• Санаты: Қазақша ән

1 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап

Жолданбаған хат
Дәл осылай болатынын сезгем мен
Ғұмырым.
Сен кеткеннен ештеңе жоқ өзгерген,
Тірімін.
Іздеймін жалғыздықтан торықсам,
Ұмтыламын өрге кіл.
Басымды изеп өте шығам жолықсаң,
Көр де тұр.
Сені аңсаймын, сен туралы ойланам,
Өтірік ал, алдадым.
Керек емес, хат жазбай-ақ қой маған,
Телефон да шалмағын.
Өкінетін Мәжнүн деп пе ең, не, мені
Сәтсіздікке кез келген.
Ештеңе де керек емес себебі,
Ештеңе жоқ өзгерген.
Сөйлейді аспан қара жаңбыр тілімен,
Сол Алматы, сол өзен.
Ағыл-тегіл жылайды, рас, түнімен
Терезем.

Ұқсас сұрақтар

127,812 сұрақ
322,409 жауап
153,154 пікір
72,858 қолданушы