+2 дауыс
68.2k көрілді
Атам бізге көп аңыздар әңгімелер айтып береді. Соның бірі -көшпелі алтын. Жазып кетсем ұзақ болып кетеді ау. Қысқа сұрақ :алтын көшіп жүре ме? Еліміздің жер қойнауындағы алтынды ,қазба байлықты айтып тұрғаным жоқ. Адамның өз қолымен жасырып қойғанын айтам. Тығылған алтын көшпелі бола ма?

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Осыдан көп жылдар бұрын,жазған кім екені есімде жоқ,оқиға желісі де есімде бұлыңғыр сақталған "Көшпелі алтын"-деген повесть оқыған едім.  Ол кезде әлі баламын апамнан(әжем) "көшпелі алтын"-деген сөздің мағанасы не деп сұраған едім.Сонда апам:

           -Кешегі қиын уақыттарда(конфисация)бар адамдар алтындарын үкіметтен жасыру мақсатында жерге көмді емес пе, міне сол алтындар көмген жерде жата бермей орын ауыстырып жылжып отырады екен дағы адамдар таппай қалады екен, міне содан шыққан атау-деп еді, аң-таң болған мен:

          -Сонда адамдар тыққан алтындарын таппаған ба?- деймін, сонда апам:

         - Неге тапқан ғой- дейді, мен:

         -Қалай?

         -Тығылған алтынның бір орында жатпаймын деген серті болады екен, сондықтан оны түнде ай жарығымен іздейді екен.Себебі алтын ай сәулесіне шағылып көрінеді екен де сәуле болып жылждыы екен, сол сәулені ұстап  үстінен бармағыңызды тіліп қан тымызып жіберсеңіз кәдігімгі алтын болып ұйып қалады екен- деп еді. Бірақ өзіме ол алтын кездеспеді,мүмкін қиял болар.

          -
Сәйкестікті  қараңыз! Атам да осындай әңгіме айтып берді.  Ұзақ болып кете ме деп ,бір жағы сенбей жазбап едім. Демек рас екен.
0 дауыс
аха солай дидигой таза алтын жердин астында жатса бир уакыттарда кошеди дидиой Аллахтын кереметин карасай менда соган тан калам калай кошеди екен
+2 дауыс
Көркем қыз! Бұл ашаршылық, революция, репрессия сияқты дүрбелең жылдарда болған оқиғалар. Алтын немесе басқа да қымбатты заттарды оның егелері (байлар) белгілі бір жерге тығып кетеді. Біраз жылдан кейін, сол жерді барып қазғанда алтын табылмай, 5-10 метр қашықтықтан табылып жатқан. "Алтын көшеді" деген аңыз содан қалған. Шындығында, жел мен судың әсерінен және жерасты тектоникалық қозғалулардың салдарынан жердің бет бедері өзгеріп отырады. Тіпті, ғимараттар мен ағаштар да жылжып отырады.
+1 дауыс
Сəлеметсіздер ме! Ия ол рас екен Мен ондай жағдайға тап болғам. Уйде аздаған алтын болған Əкемнің мұраға қалдырған Аталарынан Сырға Сақина дегендей. Содан бір күні үйде үлкен ремонт жасайтын болды.Содан Əкем Балам мына заттарды өзіңнен басқа ешкім білмейтін жерге тығып қой деген. Мен ол Алтындарды апарып бір жерге көміп тастаймын Содан үйден жұмысшылар кетіп ремонт түгелдей бітті. Əкем бірде Балам Мен саған табыстаған заттар қайда ? деп сұрады. Ал мен болсам Ойланбастан көмген жерімді барып ары іздеп бері іздеп Алтындарды таппай қалдым. Əкеме келіп көмген жерде жок бəрін белгілеп белгі койғам бірақ жоқ деп едім. Əкем аааай Балам амал жоқ Сенің Апа қарындастарыңа үлестірембе деп жүрем Бар болғаны Азғана алтын еді Амал жоқ деп Үнсіз қалды. Содан мен Өзіме өзім қатты ренжіп əлде біреу көріп қазып алдыма деп ойладым. Мен Алтынды белгі қойған темірден 20-ма сантиметр көмгем бірақ ол жерде жоқ. Намыстанып əлгі көмген жерден шамада бес метр арақашықтықта есеппен қазу бастадым. Сенесіздерме Өзім көмген Алтын 5-метір қашықтықтан табылды. Солай Жолдастар Алтын көшеді деген осы екен. 1-ай ішінде қаншама жерге көшкен. Ең қызығы Алтынды бастырған кірпіш Мен көмген орнында қалған. Содан мен Əкеме тауып əкеліп табыстадым. Ал əкем Сол сырға сақиналарды Апа қарындастарыма үлестіріп берді. Сол снбептен көшпелі Алтын деген əнгімеге сенмін Жолдастар.
0 дауыс
Нағашы Урумхан əжем бала кезінде көшіп бара жатқан алтынды көрген.Біразға дейін таң қалып көргенін анасына айтады.Үлкен дер көрген жерге келген де алтын жоқ болып кеткен.Əжемнің анасы алтынның үстіне бір тамшы қанды ағызу керек еді деген.Урумхан əжем көшпелі алтынды көргеннен кейін өмірлерінің жақсы жаққа өзгергенің кейінгі кезге дейін айтып отырыпты.
0 дауыс
"Кошпели алтын" болады. Бала кезимде оз козиммен коргенмин.
Жанбырлы кештердин биринде  даретханага шыктым. Кайтып келе жатканымда жолда жылан тариздес, жинишке, узын, сап-сары жылтыр бир нарсенин жылжып бара жатканын кордим. Таныркап карап калдым, бирак устауга корыктып. Жанбыр куйып тургандыктан устим бираз су болып калды, уйге карай жугирип кеттим. Есиктен кире уйдегилерге айтып бердим. Акем , кай жерден коргенимди сурап колымнан устап дереу кайта алып шыкты. Алги жерге кайта бардык, бирак жалтыр жок екен. Жан жагынын барин карадык, жок болып шыкты. Уйге кирген сон ажем онын "кошпели алтын" екенин айтты. Устасан куйдиреди, тек кан тамызу аркылы уйытып алуга болатындыгын тусиндирди. Устамаганым дурыс болыпты.
+1 дауыс

КІМДЕ БАР ОСЫ ӘҢГІМЕ МАҒАН ВАТСАПКА ЖІБЕРЕ САЛЫҢЫЗДАРШЫ КЕРЕК БОЛЫП ЖАТЫРР 87753550424

0 дауыс
Менің нағашы атаммын мамасының мамасы кезінде көрген екен. Бірақ өзінің қолын тіле алмай бауырының қолын тілуін сұраға , бауыры қолын тілгенше көшпелі алтын көзден ғайып болған.
0 дауыс
Көшпелі алтын деген әңгіме бар. Оны Талап Сұлтанбеков деген ақын жазған. Мүмкін сол әңгімені оқып көрсеңіз жауабыңызды таба аларсыз...
...