Мен қазір бақытты заманда өмір сүріп жатырмын. аллаңа шүкір достарым бар, ата-анам бар, бауырларым бар. Мен инженер педагог мамандығында 3 курста оқимын. Алла бұйыртса 1 жылдансоң бітіремін. Алғашында өз мамандығымды жақтырмайтынмын, кейіннен қызыға бастадым. Мен оқуымды 2015жылдың жазында бітіремін, құдай қаласа қызыл диплом. Содан магистратураға тапсырсам деген ниетим бар. Өз біліміммен грантқа түссем, жәнеде оқу бітіре салысымен машина алам. сонымен қоса тұрмысқа шығу ойымда. Менің өз сүйгенім бар, бір жылдан асты біз бірге қызықты күндерді басымыздан өткізіп жастық шақтың қызығына батып жүрміз. Мен одан оқуымды бітіргенімше күтуін өтіндім. Бұл менің екі жылдағы жетістігім. Мен ата- әжемнің тәрбиесін естіп, көріп өскен қызбын. Сондықтан отбасы болғанда ата анамды жерге қаратпай солай берген тәрбиемен шаңырағымның ұйытқысы болсам димін. Мен көп балам болғанын қалаймын. Жақсы тәрбие бергім келеді. Төртінші жылымда магистратурамды бітіріп белгілі маман иесі боп, өз жұмысымды адал атқарсам екен. Бұлда менің алға қойған мақсатым. Менің мақсаттарым армандарым көп, және мен оларға жететініме сенімдімін. Себебі сабырмен оқимын, тырысамын, талпынамын. Мен Болашақта адал-жар, асыл- ана, үлгілі- педагог боламын.