0 дауыс
2.6k көрілді
Мен ертең EXPO2017 туралы презентация қорғауға қатыспақшы едім. Маған бірінші EXPO деген не екені, оған қандай елдер қатыспақшы, тағы да басқа маңызды мәліметтер керек еді. Мен осы түріме қарасам ұтылып қалатын сияқтымын. Достар ӨТІНЕМІН; КӨМЕКТЕСІҢІЗДЕРШІ!

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Экспо — 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астана қаласында өткізу туралы – Қазақстан Республикасының басты ірі жобаларының бірі болып тұр. Осындай көлемді шараны Қазақстанның астанасы Астана қаласында ұжымдасқан туралы бастама Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

2011 жылдың 10 маусымда Париж қаласындағы Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстанның өтінімі тапсырылған болатын. Осы кезден бастап Қазақстан Республикасы Астана қаласында экспо — 2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау кезі науқанына ресми түрде кіріскен болатын.

Жүктеу

0 дауыс

Экспо 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астанақаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льежқаласы 44 дауыс жинады.
Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады.
2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінімін тапсырды.
Сөйтіп 10 маусымда Қазақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау науқанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі жыл соңына дейін өтінім құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек.
Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
2 жауап
Niyazov 11.05.2015 Қоғам сұрақ қойды
...