–1 дауыс
829 көрілді
Тағы да ақырзаман!Сіз бұған сенесіз бе?

Ғалымдар тағы да ақырзаман болады деп жатыр!

http://baq.kz/kk/news/39275
Болсын көрерміз,үйреніп қалдық қой,жылда ақырзаман((( Ақырзаманнада ұят болды...
Ғалымдар зерттейтін нәрсе таппай жатыр ма сол сандырақтан басқа? Ең болмаса әлгі "Бермуд" үшбұрышын зерттесін. Басқа нәрсе табылмағандай осынша "қуып кетуге" бола ма?
отырайық енді сол аңызға сеніп. Түсініктерің жоқ па? "Қасқыр күнді жеп қояды, құдайлар соғысы болады" дегенге сенесіңдер ме не?
Бір Алладан басқа құдай жоқ. Ақырзаманның қашан болатынын бір Алла ғана біледі.

13 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

"Күнді қасқыр жұтып қояды" дегенге сеніп тұрған адамдардың барлығын ақымақ деп санаймын.  "Ақырзаман Жаратушының қолында" десек жөн болар еді, ал бірақ "Күнді қасқыр жеп қояды" дегені қай сасқаны. "Жас Алаштан" алған мәліметтеріммен бөлісе кетейін.

Ақырзаман төңiрегiнде алып­қашпа әңгiмелер мен болжамдар тым көп. Соңғы жылдары ақырзаман 2012 жылы болуы мүмкiн дегенге саятын долбарлар айтылғаны белгiлi. Десек те британдық ғалымдар ақырзаман хронологиясын жасап шығыпты. Бұл тiзiмге алдын ала болжанса да, болмай қалған ақырзаман жылдары енген. Сондай-ақ ғалымдар алдағы ақырзаман туралы да болжам жасапты.

1000 жыл. Сол заманның қолжазбаларына қарағанда, бұл жылы бүкiл Еуропаны үрей билеген. Адамдар күнделiктi жұмыстарын ысырып тастап, шiркеуге барып, бой тасалаған. Құдайдан жасаған күнәлары үшiн кешiрiм сұрап, жалбарынумен өткен. Қайсыбiреулерi мүлiктерiн кедей-кепшiктерге таратқан. Аквитанияға жауған қызыл жаңбыр мен Англияға түскен метеорит еуропалықтарды одан бетер үркiтiп, дүрлiктiрген екен.
1033 жыл. Бұл жылы Иса пайғамбардың қайтыс болғанына 1000 жыл толыпты.
1248 жыл. Дiни алауыздық өршiген­дiктен, бүкiл адам­зат апатқа ұшырайды деп болжанған. Бiрақ Рим папасы III Ин­но­кен­тийдiң бұл болжамы расталмады.
1603 жыл. Доминикан монахы, астролог және жазушы Томазо Кампанелла осы жылы Жер мен Күн соқтығысады дептi.
1658 жыл. Христофор Колумб өз кiтабында адамзат дәл осы жылы Жер бетiнен жойылады деп жазыпты.
1910 жылдың 18 мамыры. Астрономдар осы күнi Жер бетiне Галлей құйрықты жұлдызы түсуi тиiс деп бүкiл жұртты дүр­лiк­тiр­ген. Артынша құйрықты жұлдыз түс­песе де, оның құйрығы Жер бетiн жанап өтедi екен дестi.
1962 жылдың 4-5 ақпаны. Үндi жұлдыз санақшылары ақырзаман болады деп болжаған.
1988 жыл. Әуеғарыштық техникасының маманы Эдгар Уизенант ақырзаман дәл осы жылы болуы тиiс деп болжап, кiтап жазып шыққан. Оның бұл еңбегi 4 миллион тиражбен сатылыпты. Осының арқасында ақшаны күреп алған ол артынша ақырзаманды 1989 жылға ысырғанға ұқсайды.
2000 жыл. Үш нөлi бар жыл болғандықтан, болжағыштар мұны мистикамен байланыстырыпты.
2011 жыл. Майя күнтiзбелiк циклiнiң соңы. 2005 YU55 астероиды Жермен соқ­тығысады деп болжаныпты.
2012 жыл. Ақырзаманды болжағыштардың ең жиi айтатын жылы. Олардың келтiретiн деректерi де сан алуан. Бiрi бесiншi Күннiң уақыты десе, ендi бiрi Күн жүйесi галактика осiне терiс айналады екен, барлық ғарыш циклдерi бұзылады, полюстер ауы­сады дейдi.
2014 жыл. Ғалымдар бұл жылы ғарыш шаңының бұл­ты Жер бе­тiне жетедi дейдi. Ал бұл бұлт өз жолындағы нәрсенiң бәрiн жоқ қылатын көрiнедi.
2016 жыл. Жер бетiнiң климатын зерттеушi Джеймс Хансон мұздықтар түгел ерiп, Жер бетiн су басып қалады дептi.
2018 жыл. Нострадамус осы жылы ядролық соғыс болады деп болжаған.
2020 жыл. Иоанн Богословтың болжамына сүйенген Исаак Ньютон ақырзаман осы жылы орнайды деп есептеп шығарыпты.

Ақырзаманның iрi белгiлері:
1.            Мәдiнiң шығуы;
2.            Күн батыстан шығады;
3.            Сөйлейтiн Таббатул арз атты жер жануарының шығуы. Ол жануар кiмнiң мұсылман, кiмнiң кәпiр екенiн айырып беретiн болады;
4.            Жер шарын көк түтiн басады;
5.            Тажал шығады;
6.            Иса (ғ.с.) түседi;
7.            Яжұж, Мажұж атты алып халық пайда болады;
8.            Үш рет қатты жер сiлкiнедi. Бiрiн­шi – батыста, екiншi – шығыста, үшiншi – араб түбегiнде;
9.            Құран аяттары ғайып болады;
10.          Иманды адамдар түгесiледi;
11.          Баяу соққан самалдан барлық мұсылмандар көз жұмады. Қағба көкке көтерiледi;
12.          Иеменнен басталған өрт жер бетiн шалады.
Әзiрге бұл белгiлердiң бiрi де қайталан­ған жоқ. Сондықтан 2012 жылдан кейiн де сәулелi ғұмыр барлығынан үмiт үзбеген абзал. Бiздi­кi – болжам. Бәрiн бiлушi – бiр Алла.
Айтарым: бұлардың бәрі өсек, "Атыңды шығара алмасаң жер өрте" деген екен атам қазақ. Пиар деген сияқты құр сенсация жасау қазір оңай болып кетті ғой.  Құдай ақырзаманды болдырамын десе адамдардың ядро-атомынсыз-ақ бір мезетте әлемді жойып жіберер еді, Жаратушымыздың құдіреті баршаға аян. Ақырзаман Жердің асты түгіл басқа ғаламға қашсаң да құтқармайды. Тек қана Аллаға серік қоспай, иманымызды сақтап жүре берейік.  

+3 дауыс
Өз басым сенбеймін және осындайларға сенетін адамдарды түсінбеймін... Басқа айтарым жоқ))
+4 дауыс
Ақырзаман бір күні келеді..алайда қашан және қай кез екені белгісіз...ақырзаманға сенбеуге болмайды..себебі оның келетіні жайлы Жаратқан Ием Қасиетті Құран Кәрімде айтты...оның белгілері де бар..Қазір Аллаға шүкір..жер бетінде мұсылмандар бар..Құран кітап бар..ақырзаман келерде олар жоғалады деген...және бір белгісіне жататыны ақырзаман келерде адамдар шеңгелдің үстінде азан шақыратын болады деген..яғни адамзат кішірейіп кетеді...Аллаға сансыз шүкірлер болсын..ол белгілер қазір жоқ..алайда ол белгілерсіз-ақ Алла Тағала ақырзаманды жіберуі мүмкін..ал ғалымдар болжай алмайды..олар да әлсіз жаратылыс иелері..сізге айтарым..ақырзаманға сеніңіз..ол күн келер сәттен қорқыңыз..жүрегіңізден Иман нұры сөнбегей..ұмытпаңыз адамзатқа ақырзаман келер күн белгісіз...
Я оның өзінің белгілері бар үлкен және кіші!
Сіздің жауаптарыңыз мені қанағаттандырып,алға жетелейді!!!
+1 дауыс
Менде ақырзамани болатына сенбеймін.Себебі:ақырзаман болар кезде бірінші адам өзгереді ,содан кейін барып заман өзгереді
заман ешқашан өзгермейді.....
+1 дауыс

Ақырзаманның қай күні болатынын тірі жан баласы білмейді, ол тек Аллаға ғана мәлім. 

мақаладан үзінді дейсің
Жоға мақала авторымен ойымыз тұспа-тұс келіп қалыпты )))
+2 дауыс
Ғалымдарға айтып бар көөп оттай бермесін))
+1 дауыс
Мынауың(ақпаратты айтамын) толы фантастика ғой)) тек кинодан ғана кездестіресің.Жалған ақпарат қой
+1 дауыс

Ғалымдар басқа зерттейтін нәрсе таппай жатқан сияқты ғо.

 

+2 дауыс
"Ақырзаман болады екен" деп ғалымдар бірнеше рет дүние жүзін шулатқан. Соңғысы 2012 жыл болатын. Бұның бәрі бос далбаса.
+2 дауыс
Бұған 4-5 оқитын бала да сенбиді ғой! Қасқыр келiп күнді жұтып қояды екен! Уахахахаха! Менiң түсінбегенім ғалымдар да соншалықты ақымақ болғаны ма? Яғни бұл ақпаратқа өздерi де сенгенiн бiлдiредi емес пе?
Ғалымдар да қатырад қасқыр келіп күнді жұтып қояд екен ахахаах )))
+1 дауыс

Ақыр заман қашан келеді эәне қалай келері белгісіз. Оны тіпті шынымн ақырзаман болмауы да мүмкін ғой. Барлығы бірден ғайып болуы шарт емес. Табиға апат болған жағдайда адам атты тіршілік иесінің кем дегенде біруі тірі қалуы ғажап емес. Мен өз басым діни ақырзаманға  сенбеймін, ал егерде табиғи немесе адам факторы арқылы болатын жасанды ақырзаман жарияланса сенуім мүмкін. Мысалы фантастикалық "ЗОМБИЛЕНД" сияқты болуы да мүмкін ғойdevil

0 дауыс
Осыдан бәрің көріңдер 22 ақпанда ақыр заман боооооллмайды. Былтыр да болады деп дүрліккендері қайда ешнәрсе болмады ғой.Осы ғалымдардын таппайтындары жоқ екен.
+1 дауыс

Болған жоққо әлі......

...